• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қасымбек Ж. М.
Қасымбек Ж. М.

Астана қаласының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Үш көппәтерлі тұрғын үй кешенінің үлескерлерімен кездестім.

Үш көппәтерлі тұрғын үй кешенінің үлескерлерімен кездестім. Олар – «Future home», «Арыстан», «Зере-2» тұрғын үй кешендері. Бұл тұрғын үй кешендері ең күрделі болып саналады. Жалпы алғанда, мұнда жылдар бойы 600-ден астам үлескер отбасы өз кілтін күтіп жүр.
✔️Мәселен «Future home» тұрғын үй кешенінің құрылысы 2013 жылы басталған. Нысанның өзі 6 жыл бұрын проблемалы деп танылды. Бұл тұрғын үй кешенінде 200-ге жуық үлескер отбасы бар. Нысанның дайындығы 40%-ды құрайды. Осы орайда екі блокты бұзуға тура келгенін айта кеткен жөн. Себебі құрылыс жұмысын қайта бастау үшін жарамсыз деп танылған болатын.
✔️«Арыстан» тұрғын үй кешенінде 450-ге жуық үлескер отбасы бар. Бұл көппәтерлі тұрғын үй кешені проблемалы құрылыстың ірі нысандарының бірі болып саналады. Оны беру кезінде нысанның тек 20-30%-ы ғана дайын болған еді. Тұрғын үй кешені бірнеше блоктан тұрады, оның бір бөлігі аяқталды – шамамен 270 үлескерге баспана кілті табысталды. Қалған блоктарды да аяқтаймыз. Сол сияқты кездесуде тұрғындар нөсер кәрізін салу, жылы аялдама орнату, қосымша автобус бағытын іске қосу секілді өзге де мәселелерді көтерді.
✔️Құрылысы ұзаққа созылған тағы бір нысан – «Зере-2» тұрғын үй кешені 6 жыл бұрын проблемалы деп танылды. Мұнда 230 үлескер отбасы өз пәтерін күтіп жүр. Нысанды беру кезінде тек шұңқыры қазылған күйде ғана болған. Қазіргі уақытта құрылысы қайта жанданды, алайда жұмыс қарқынын арттыру қажет.
✅Осыған дейін әкімдік қаладағы құрылысы ұзаққа созылған нысандар бойынша үлкен жүйелі жұмыс жүргізген болатын. Үлестік құрылысқа тиесілі 51 нысанның ішінде 15-інің проблемасын шешу қалды. Оның 7-еуін биыл аяқтауды жоспарлап отырмыз. Тағы 8 нысанды (бұл 30-дан астам тұрғын үй кешені) 2023 жылы аяқтауды алдыма міндет етіп қойдым.
Құрылысы ұзаққа созылған нысандардың аяқталуы Мемлекет басшысының бақылауында. Үлескерлердің проблемаларын шешу – бұл біздің міндетіміз. Басты мақсатымыз – үлескерлердің өз пәтерлеріне кіріп, қоныс тойын тойлауы.
Біз тұрақты негізде құрылысы ұзаққа созылған нысандардың, аудандардың, елді мекендердің тұрғындарымен кездесіп, жағдайды жіті назарда ұстаймыз. Кездесу барысында айтылған проблемаларды шешу мәселесін қолға алдық.

  • 12.12.2022
  • 331
Қасымбек Ж. М.

Астана қаласының әкімі

Қасымбек Ж. М.
(Мұрағат)

Астана қаласының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика