- Блогтар
- Асылов Б.Н.
Асылов Б.Н.
ҚР Бас Прокуроры
Есірткі заттарының заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл туралы
Үйлестіру кеңесінің отырысында мүдделі мемлекеттік органдармен есірткі заттарының заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл мәселелері қаралды.
Аталған мәселе бойынша заңнамалық және практикалық шаралар қабылданды. Жауапкершілік айтарлықтай күшейтілді.
2020 жылдан бастап есірткіні интернет арқылы тұтынуға және өткізуге көндіру қылмыстардың ауыр және аса ауыр құрамына жатқызылды. Есірткіні жарнамалау және насихаттау үшін қылмыстық жауаптылық енгізілді.
ІІМ мен ҰҚК ағымдағы жылдың өзінде 64 есірткі зертханасын жойды. Шамамен 13 тонна есірткі, оның ішінде 33 кг героин және 500 кг синтетикалық есірткі заттары тәркіленді. Тек осы жылы есірткі сататын 1400 сайт бұғатталды.
Қылмыстық қудалау органдарының басшыларына, облыс прокурорларына ұйымдасқан топтарды, контрабанданы, есірткі зертханаларын, есірткі заттарын жеткізу және өткізу арналарын анықтауға бағытталған ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейту тапсырылды.
Өз кезегінде ІІМ Есірткіге қарсы күрес жөніндегі кешенді жоспарды сапалы пысықтауды және бекітуді қамтамасыз етуі қажеттілігін айтылды.
- 15.12.2022
- 257