• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Шаққалиев А.А.
Шаққалиев А.А.

ҚР Сауда және интеграция министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін аккредиттеуді жүзеге асырудың мерзiмi мен шарттары туралы хабарлама

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін 2023 жылға арналған жыл сайынғы аккредиттеуді өткізеді.

Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң бiрлестiктерiн аккредиттеу Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 30 қарашадағы № 799 қаулысымен бекітілген Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң бiрлестiктерi мен өзге де коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеуді өткізу қағидалары, аккредиттеудің күшін жою негіздері мен тәртібіне (бұдан әрі – Қағидалар) сәйкес жүзеге асырылады.

Аккредиттеуге құжаттарды қабылдау 2022 жылғы 20 желтоқсан және 2023 жылғы
3 қаңтар аралығында (жұмыс күндері сағат 09.00-ден 17.00-ге дейін), Астана қ., Мәңгілік ел даңғылы, 8 мекен-жайы бойынша орналасқан «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимаратының 1 кіреберісінде, Министрлігінің кеңсесінде жүргізіледі.

Анықтама телефондары: +7 (7172) 74-94-02, 8 747 301 0710.

Аккредиттеу алу үшiн өтiнiш берушi мынадай құжаттарды ұсынады:

  • белгіленген үлгідегі өтiнiш;
  • салыстыру үшiн түпнұсқасы ұсынылмаған жағдайда, құрылтай құжаттарының және заңды тұлғаның, филиалдың (өкілдіктердің) мемлекеттік тіркелгенін (қайта тіркелгенін) растайтын құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері;

3) бизнес-сәйкестендіру нөмірлерін көрсете отырып, бiрлестiк және/немесе ұйым мүшелерiнiң тiзiмi.

Өтініштерді қабылдау мерзімі аяқталған сәттен бастап 15 жұмыс күнi iшiнде:

  • Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін аккредиттеу жөнiндегi комиссиямен (Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрінің міндетін атқарушысының 2019 жылғы 26 шілдедегі № 11 бұйрығымен құрылған) аккредиттеу материалдары қаралады және бірлестіктерді аккредиттеу туралы куәлiктi беру немесе аккредиттеуден бас тарту туралы ұсынымдар шығарылады;
  • Комиссия ұсынымы негізінде Министрлік аккредиттеу туралы куәлiктi беру немесе аккредиттеуден бас тарту туралы шешімді қабылдайды.

Министрлік тиiстi шешiм қабылдаған күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде аккредиттеу туралы куәлiкті немесе себептерін негiздей отырып аккредиттеуден бас тарту туралы жазбаша хабарламаны бiрлестiкке ұсынады.

Егер:

  • берiлген құжаттар Қағидалардың 6-тармағының талаптарына сәйкес келмеген жағдайда;
  • бiрлестiк пен ұйымдар өз мүшелерiнiң мүдделерін қорғау бойынша қызметтi жүзеге асырмайтын болса;
  • ұсынылған құжаттарда дәйексіз немесе толық емес мәлiметтер қамтылған болса;
  • бірлестік пен ұйым аккредиттеуге арналған құжаттар өтініштерді қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін ұсынылған жағдайларда, аккредиттеу жүзеге асырылмайды.

Аккредиттеу туралы куәлiк 3 жыл мерзімге берiледi.

Министрлікте қатарынан екі реттен көп аккредиттелген бірлестіктер аккредиттеу туралы куәлікті мерзімсіз негізде алады.

  • 21.12.2022
  • 306
Шаққалиев А.А.

ҚР Сауда және интеграция министрі

Шаққалиев А.А.
(Мұрағат)

ҚР Сауда және интеграция министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика