- Блогтар
- Асылов Б.Н.
Асылов Б.Н.
ҚР Бас Прокуроры
Жыл қорытындысы шығарылды
Бүгін алқа отырысында 2022 жылғы қадағалау қызметін қорытындылап, алдағы кезеңге арналған басым міндеттерді айқындадық.
Біздің негізгі бағдарымыз бен тікелей міндетіміз - адамның өмірі, оның құқықтары мен бостандықтары болып табылатын мемлекеттің жоғары құндылықтарын қамтамасыз ету.
Ағымдағы жылы денсаулық сақтау, кедендік бақылау, жер қатынастары, мәдениет және спорт, сондай-ақ басқа да салаларда ауқымды тексерістер жүргіздік.
Қадағалау жұмысының шеңберінде 14 мыңнан астам бұзушылық жойылды, 23 мыңға жуық адам әртүрлі жауаптылыққа тартылды.
Прокурорларға қадағалау қызметінде жүйелі проблемалар мен халық үшін өткір мәселелерді түпкілікті шешілгенге дейін жобалық басқаруды қолдану қажеттігін тапсырдым.
- 22.12.2022
- 284