• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Сапаров А.C.
Түркия Қазақстанға өсімдіктердің генетикалық банкін құруға көмектеседі

Қазақстан мен Түркияның Ауыл шаруашылығы  вице-министрлері Анкарада екі елдің АӨК-дегі өзара іс-қимыл мәселелерін  талқылады.

Айта кетейік, 2022 жылы 10 қарашада Шымкент қаласында Қазақстан мен Түркияның арасында тұқым шаруашылығы саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылған болатын. Вице-министр Әбілқайыр Тамабек бастаған қазақстандық делегация аталған келісімді одан әрі іске асыру үшін Анкараға келді.

Тараптар бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу мәселелерін талқылап, ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің тұқымын өндіру және сертификаттау қызметін құру процестерін жолға қою бойынша тәжірибе алмасу жөнінде уағдаласты. 

Сонымен қатар, Әбілхайыр Тамабек аурулар мен зиянкестерге тұқымдық талдау жүргізуде зор тәжірибесі бар Түркия Республикасының «TSUAB» тұқым өсірушілер қауымдастығы, «TMO» астық одағы мен  «TUAB» тұқымдық сертификаттау қызметінің кеңселеріне барды.

Бұған қоса, қазақстандық делегация Түркия Республикасының Ұлттық генетикалық тұқым банкінде болды. Кездесу барысында Қазақстанда осындай генетикалық банкті құру бойынша консультациялық көмек көрсету туралы келісімге келді.

Тұқым шаруашылығы саласындағы ынтымақтастық мәселелері алда тұқым шаруашылығы бойынша өтетін халықаралық бизнес-форумының алаңында екіжақты кездесулер шеңберінде талқыланады деп жоспарланып отыр.

 

  • 23.12.2022
  • 335
Сапаров А.C.
(Мұрағат)

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика