- Блогтар
- Сатыбалды Д. А.
Сатыбалды Д. А.
Түркістан облысының әкімі
Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында тұрғындарға баспана берілді
Тәуелсіздіктің арқасында мемлекетіміз тұрақты даму жолында. Рухани астанамыз Түркістан қаласы облыс орталығы ретінде өркендеудің жаңа сатысына өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қалаға ерекше мәртебе беру көзделуде. Сонымен бірге Президентіміз өз Жолдаулары мен тапсырмаларында халықты баспанамен қамту бағытындағы жұмысты жандандыруды тапсырған болатын. Міне, осы бағытта жұмыс жүріп жатыр. Түркістан қаласында 20 отбасы, яғни 100-ге жуық адам көптен күткен пәтерлеріне қол жеткізіп, қоныс тойын тойлауға мүмкіндік алады. Жалпы, жыл соңына дейін әлеуметтік топтар бойынша кезекте тұрған 700-ге жуық адамға пәтер кілтін тапсыру жоспарланған. Мемлекет басшысының тапсырмасымен жүзеге асырылып жатқан түрлі бағдарламалар халықтың баспана және жұмыспен қамтылуына бағытталған. Бүгінгі қоныс тойы – соның айғағы.
Биыл Түркістан каласы бойынша жалпы 51 көпқабатты тұрғын үй пайдалануға берілмек. Бұл дегеніміз, 3296 пәтер, оның ішінде арендалық 709 пәтер иесі баспаналы болады деген сөз. Ал, 2023 жылы 62 үй салынып, тағы 4202 пәтер иесі қоныс тойын тойлайды. Олардың басым бөлігі «7-20-25» және «Бақытты отбасы» мемлекеттік бағдарламалары арқылы берілетін тұрғын үйлер.
- 27.12.2022
- 177