- Блогтар
- Әбілқасымова М.Е.
Әбілқасымова М.Е.
ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы
«Bereke Bank» АҚ лицензиясының мерзімін ұзарту туралы
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі АҚШ Қаржы министрлігінің Шетел активтерін бақылау жөніндегі басқармасы (OFAC) ағымдағы жылғы 8 желтоқсанда «Bereke Bank» АҚ-тың (бұрынғы Сбербанк АҚ ЕБ) қатысуымен мәмілелерді аяқтауға мүмкіндік беру үшін осы банкке берген лицензияның мерзімін 2022 жылғы 31 желтоқсаннан 2023 жылғы 31 наурызға дейін ұзартқанын хабарлайды.
Сонымен қатар, Банк қазіргі кезде Банкті SDN (Specially Designated Nationals) санкциялық тізімінен шығару жөніндегі жұмыстарды жүргізуде.
- 28.12.2022
- 157