- Блогтар
- Жазықбай Д.М.
Жазықбай Д.М.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Төрағасы
МҚІА төрағасы азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады
Бүгін Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбаев азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.
Қабылдауға келген алты азамат Агенттік төрағасына мемлекеттік органдармен өтініштерді қарау мәселелері, лауазымды тұлғалардың іс-әрекеттеріне қатысты шағымдармен жүгінді. Сондай-ақ мемлекеттік қызметке іріктеуді жетілдіру бойынша ұсыныстар айтылды.
Азаматтарға туындаған мәселелерді шешу бойынша тиісті түсіндірмелер берілді.
Жеке қабылдау қорытындысы бойынша шағымдар бақылауға алынды. Агенттіктің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық департаменттеріне нақты тапсырмалар берілді.
- 29.12.2022
- 301