• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Сатыбалды Д. А.
Сатыбалды Д. А.

Түркістан облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Боран мен дауыл салдарын жою жұмыстары қатаң бақылауда

Түркістан облысында ауа-райының күрт өзгеріп, дауыл мен қатты қардың салдары  бірнеше аудандарда қолайсыздық тудырды. Соңғы бір тәулікте орын алған жағдай менің жіті бақылауымда.

Табиғаттың тосын мінез танытуынан қалыптасқан жағдайдың салдарын жою бойынша барлық жауапты құрылымдардың басшыларын жинап, жиналыс өткіздім. Жауапты мекеме басшыларына электр желілерін жөнге келтіру жұмыстарын күшейтуді тапсырдым. Тұрғындар жарықсыз отырмау керек. Жолдардың жабылуы кедергі болған ауылдарға қосымша техника жіберу қажет. Тиісті сала басшыларына қажет жағдайда қосымша адамдарды жұмылдырып, жұмысты жылдамдатуды тапсырдым. 

Елді мекендер ішінара жарықсыз қалған еді. Қазір жағдай тұрақталды. Бәйдібек пен Созақ аудандарындағы кей ауылдардың электр желілерін қалпына келтіру жұмыстары әлі де жалғасуда. Соңғы бір тәулікте қалыпқа келтіру жұмыстары күні-түні жүргізіліп жатыр. Оқиға орындарында жарық беруші компанияның бригадалары мен 50-ге жуық адам, 12 техника жұмылдырылған. 

Облыстық маңызы бар 8 жол әлі де жабық. Қарлы боран салдарынан республикалық маңызы бар «Қорғас-Алматы-Тараз-Шымкент-Ташкент» бағытындағы тас жол да жабылды. Облыс аумағында жолдарды тазалау үшін барлығы 100-ден астам адам мен 100-ден астам техника жұмылдырылған. Авариялық-құтқару жұмыстары тоқтаусыз жүргізіліп жатыр. Азаматтардың арыз-шағымдарын назарға алу үшін 109 бірыңғай байланыс орталығы жұмыс істеп тұр. Облыстық әкімдікке қарасты барлық құрылымдар күшейтілген жұмыс тәртібімен жұмыс істеді. 

  • 09.01.2023
  • 228
Сатыбалды Д. А.

Түркістан облысының әкімі

Сатыбалды Д. А.
(Мұрағат)

Түркістан облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика