• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Жақыпова С. Қ.
Жақыпова С. Қ.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Цифрландыруды дамыту Еңбекмині жұмысының 2023 жылғы негізгі бағыттарының бірі болады – Т. Дүйсенова

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова 2022 жылы атқарылған жұмыс нәтижесі мен 2023 жылға арналған міндеттер бойынша Еңбекминінің кеңейтілген алқа отырысында цифрлық технологиялар есебінен мемлекет көрсететін әлеуметтік қолдау шараларының тиімділігі қалай арттырылатынын айтты.

Іс-шараға ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Алтай Көлгінов, сондай-ақ ҚР Парламентінің депутаттары, облыстар мен республикалық маңызы бар қалалар әкімдерінің орынбасарлары, орталық мемлекеттік органдар, Кәсіподақтар федерациясы, «Атамекен» ҰКП, халықаралық ұйымдар және ҮЕҰ өкілдері қатысты.

Тамара Дүйсенова өз сөзінде Министрліктің 2023-2027 жылдарға арналған даму жоспары әлеуметтік-еңбек саласында мемлекет қабылдайтын шаралардың тиімділігін арттыруға бағытталған 5 стратегиялық бағытты көздейтінін айтты.

«Бірінші стратегиялық бағыт – цифрландыруды тереңдету. Ол әлеуметтік қызметтерді көрсетудің өтініш нысанынан оларды ұсынудың анықтау және проактивті форматына көшуді қамтамасыз етуге тиіс. 2023 жылы бағытты іске асырудың түпкілікті нәтижесі проактивті қызметтердің үлесін олардың жалпы санының 60%-на дейін жеткізу болады», – деді ЕХӘҚМ басшысы.

Осы міндетті іске асыруды қамтамасыз ететін базалық цифрлық өнім мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен мәліметтерді жинақтайтын және қазақстандық отбасылардың мемлекеттік кепілдіктер бойынша дербестендірілген дерекқоры болып табылатын Отбасының цифрлық картасы (бұдан әрі – ОЦК) болады.

«БҰҰ ДБ ұсынған Алькире-Фостер моделін пайдалана отырып, отбасылардың әлеуметтік әл-ауқатын бағалау 6 миллионнан астам отбасының мәртебесін және олардың мемлекеттік қолдаудың қандай да бір түрлеріне қажеттілігін анықтауға мүмкіндік берді. Тиісінше, мемлекеттік органдар мен жергілікті әкімдер кімге, қашан, қандай көмек көрсету керектігін нақты анықтап қана қоймай, әлеуметтік тәуекелдердің алдын алу бойынша шаралар қабылдауға мүмкіндігі бар», – деді Тамара Дүйсенова.

Министр Отбасының цифрлық картасының мүмкіндіктерін тиімді пайдалану үшін орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың мәліметтерді уақтылы өзектендіру, азаматтарды мемлекеттік қолдау алу құқығы туралы хабардар ету, зейнетақыларды, жәрдемақыларды, әлеуметтік төлемдер мен атаулы әлеуметтік көмекті белсенді тағайындау, мемлекеттік қолдау шараларын уақтылы көрсету мониторингі бөлігінде жұмысы үндестірілетінін атап өтті.

  • 12.01.2023
  • 254
Жақыпова С. Қ.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

Жақыпова С. Қ.
(Мұрағат)

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика