• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Жақыпова С. Қ.
Жақыпова С. Қ.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Т. Дүйсенова Қазақстандағы еңбек қатынастарының дамуы туралы хабарлады

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова 2022 жылы атқарылған жұмыс нәтижесі мен 2023 жылға арналған міндеттер бойынша Еңбекминінің кеңейтілген алқа отырысында Қазақстанда еңбек қатынастары қалай дамитыны туралы айтты.

Іс-шараға ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Алтай Көлгінов, сондай-ақ ҚР Парламентінің депутаттары, облыстар мен республикалық маңызы бар қалалар әкімдерінің орынбасарлары, орталық мемлекеттік органдар, Кәсіподақтар федерациясы, «Атамекен» ҰКП, халықаралық ұйымдар және ҮЕҰ өкілдері қатысты.

Тамара Дүйсенова Министрліктің әлеуметтік-еңбек саласындағы қабылданатын шаралардың тиімділігін арттыруға бағытталған 2023-2027 жылдарға арналған даму жоспарының 5 стратегиялық бағыты туралы баяндады.

««Төртінші стратегиялық бағыт дәстүрлі жұмыс форматынан жұмыспен қамтудың икемді нысандарын дамытуға көшуді көздейтін еңбек қатынастарын дамытуға қатысты болады»,», – деп хабарлады ЕХӘҚМ басшысы.

Осы бағытты іске асыру үшін тұжырымдамалық сипаттағы мынадай қадамдар қабылданатын болады.

Біріншісі – жұмыспен қамтудың икемді нысандарын заңнамалық түрде бекіту. Заңнамаға тиісті түзетулер енгізілді, ол ҚР Парламентінің қарауына жіберілді. Биыл Цифрландыру министрлігімен, Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетімен және интернет-платформа операторларымен бірлесіп, платформалық жұмыспен қамтуды тану және онда жұмыспен қамтылған азаматтарды әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну жөніндегі пилоттық жоба іске асырылады.

Екінші қадам – жұмыс күшінің дағдыларын арттыру. Еңбекмині әлеуметтік әріптестермен бірлесіп жұмыс орнында кадрларды оқыту мәселелерін қайта қарайтын болады. Жұмыс берушілер жүргізетін оқыту сапасын бағалау мақсатында пилоттық режимде әлеуметтік әріптестермен бірлесіп айқындалған кәсіптер бойынша тәуелсіз сертификаттау жүйесі іске қосылады. «Кәсіптік біліктілік туралы» заң жобасында мемлекет, жұмыс берушілер және қызметкерлер арасындағы жұмыс күшінің дағдыларын арттыру үшін жауапкершілікті бөлу көзделген.

Үшінші қадам - жұмыс күшін үнемдеу және жұмыс істейтін халықтың еңбек жағдайының сапасын жақсарту үшін еңбек саласындағы ең төменгі стандарттарды қайта қарау. Осыған байланысты осы жылдың қаңтар айының соңына қарай Үкіметке ең төменгі жалақы мөлшерін айқындаудың негізгі тәсілдері ұсынылмақ. Бұдан басқа, 2 жыл ішінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы 1 618 ең төменгі стандарт қайта қаралады. Өндірісте қайта қаралған ең төменгі стандарттарды апробациялау олардың дайындығына қарай кезең-кезеңмен жүргізіледі. Нәтижесінде зиянды өндірістердің сыныптары мен сақтандыру тарифтері қайта қаралатын болады.

«Төртінші қадамды іске асыру шеңберінде халықаралық тәжірибені ескере отырып, әлеуметтік әріптестердің қарауына азаматтардың зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істеуінің барынша көп кезеңін белгілеу және сақтандыру компанияларының жұмыскерлердің еңбек жағдайларын жақсартуға қатысуы жөнінде ұсыныстар әзірленіп, шығарылады. 

Мысалы, Австралия, Италия және Германия мемлекеттерінде көмір шахталарында жұмыс істеудің максималды кезеңі 15 жыл, металлургия өндірісінде 20 жыл. Әлемнің 24 елінің сақтандыру компаниялары жұмыс берушілердің кәсіптік тәуекелдерді бағалауға, қызметкерлерді оқытуға, олардың біліктілігін арттыруға және еңбек қауіпсіздігі жөніндегі стандарттарды әзірлеуге жұмсаған шығындарын өтейді. Осы тәсілдерді бізде де енгізу мүмкіндігін қарастыру ұсынылады», – деді Тамара Дүйсенова.

Бесінші қадам – бизнеске жаңа реттеуші саясат шеңберінде еңбек заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылау жүйесін қайта қарау. Бұл ретте тексеру рәсімі профилактикалық сипатта болады. Осы мақсатта биыл «Кәсіпорын профайлы» жаңа ақпараттық жүйесі іске қосылады, ол заңнаманың және компаниялардың өздері сақталуын бақылауды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

  • 12.01.2023
  • 270
Жақыпова С. Қ.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

Жақыпова С. Қ.
(Мұрағат)

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика