• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Жақыпова С. Қ.
Жақыпова С. Қ.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Т. Дүйсенова Қазақстанда сақтандыру жүйесінің одан әрі дамыту туралы хабардар етті

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова 2022 жылы атқарылғын жұмыс нәтижелері мен 2023 жылға арналған міндеттер бойынша Еңбекминінің кеңейтілген алқа отырысында Қазақстанда сақтандыру жүйесі қандай қағидаттар бойынша дамитынын айтты.

Іс-шараға ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Алтай Көлгінов, сондай-ақ ҚР Парламентінің депутаттары, облыстар мен республикалық маңызы бар қалалар әкімдерінің орынбасарлары, орталық мемлекеттік органдар, Кәсіподақтар федерациясы, «Атамекен» ҰКП, халықаралық ұйымдар және ҮЕҰ өкілдері қатысты.

Тамара Дүйсенова Министрліктің әлеуметтік-еңбек саласындағы қабылданатын шаралардың тиімділігін арттыруға бағытталған 2023-2027 жылдарға арналған даму жоспарының 5 стратегиялық бағыты туралы баяндады.

«Бесінші стратегиялық бағыт – нәтижелі және формалды жұмыспен қамтуды ынталандыруға бағытталған сақтандыру жүйесін дамыту. Бұл ретте ұсынылып отырған өзгерістердің басты тренді: біріншіден, мемлекет жүйесіне жұмыс берушілер мен жұмыскерлердің қатысуы; екіншіден, қатысу өтілі мен әлеуметтік төлемдер мөлшері арасындағы өзара байланысты күшейту. Бұл дегеніміз, тәуекелдер туындаған жағдайда жоғалған кірісті өтеу көбінесе азаматтардың жинақталған зейнетақы мен сақтандыру активтері есебінен жүргізілетінін білдіреді», – деді ЕХӘҚМ басшысы.

Министр бүгінгі таңда мемлекеттік төлемдердің үлесі зейнетақымен қамсыздандыру жүйесінде де, міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінде де басым екенін атап өтті. Халықтың басым көпшілігі әлі күнге дейін олардың әлеуметтік қамсыздандырылуына тек мемлекет жауапты болуы керек деп санайды.

«Зейнетақы және әлеуметтік сақтандыру жүйелерінің міндеттілігі жеке меншік сақтандыру компанияларында төмен деңгейде. Бұл ретте өзін-өзі жұмыспен қамтығандар ғана емес, жалдамалы жұмыскерлердің белгілі бір бөлігі де қамтылмаған күйінде қалып отыр.

Егер кірістердің жоғарғы шектерін ескермесек, онда зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар аударылатын кірістердің деңгейлері де әр түрлі болады. Зейнетақы жарналарының орташа табысы экономика бойынша орташа айлық жалақыдан 20%-ға төмен. 

Ірі жұмыс берушілер мен зиянды өндірістердің қызметкерлері жоғары сақтандыру тарифтеріне, өмірді сақтандыру компанияларынан төленетін төлемдердің төмен мөлшеріне және сақтандыру компаниялары қызметінің ашықтығына назар аударады. Шара қолданбау болашақта жүйенің сенімі мен қаржылық тұрақтылығы мәселелеріне әкелуі мүмкін», – деді Тамара Дүйсенова.

Министр БЖЗҚ, МӘСҚ, МАК және сақтандыру компанияларымен бірлесіп ауқымды ақпараттық-түсіндіру жұмысы іске асырылатынын және жүйеге қатысушылардың өсуі бойынша әрбір институт үшін KPI анықталатынын хабарлады.

Сондай-ақ жүйеге қатысу өтіліне байланысты зейнетақы және сақтандыру төлемдерінің мөлшерін кезең-кезеңімен ұлғайту жалғасады.

«Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес осы жылы қабылданған зейнетақы жүйесіне енгізілген өзгерістер азаматтарға бұрынғы табыстарының кемінде 40% мөлшерінде зейнетақымен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Өсім ең алдымен базалық зейнетақының ең төменгі мөлшерін алатын зейнеткерлерден басталады. 2023 жылы зейнеткерлердің осы санаты үшін тек базалық зейнетақы мөлшері 21% - ға дейін көтерілді. Кезең-кезеңмен өсу 5 жыл ішінде, яғни 2023 жылдан 2027 жылға дейін жүргізіледі, бұл өткен жылғы инфляцияны және оның кейінгі жылдарға арналған болжамды дәлізін жабуға мүмкіндік береді.

Дәл осындай жұмыс әлеуметтік сақтандыру жүйесінде жүргізілмек. Биыл жұмысынан айырылуына байланысты берілетін әлеуметтік төлемдер мөлшері жоғалтқан табыстың 45%-на дейін жеткізілетін болады», – деп атап өтті ЕХӘҚМ басшысы.

Сөз соңында Тамара Дүйсенова 2024 жылдан бастап жас салымшыларды зейнетақымен қамсыздандырудың шартты-жинақтаушы жүйесін қалыптастыру үшін жұмыс берушілердің міндетті зейнетақы жарналары енгізілетінін хабарлады.

Бұдан басқа, жинақтаушы зейнетақы жүйесінің тиімділігін арттыру мақсатында салымшыларға өздерінің зейнетақы жинақтарының 50%-ын жеке басқаруға беру құқығы қарастырылады.

  • 12.01.2023
  • 300
Жақыпова С. Қ.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

Жақыпова С. Қ.
(Мұрағат)

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика