• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Сатыбалды Д. А.
Оңтүстік аудандарда өндірісті дамытуға күш саламыз

Түркістан облысында өнеркәсіптің дамуына басымдық береміз. Жеке өндіріс және кәсіпорындардың артуына күш салып, индустриалды аймақтарды жаңа кезеңге шығаратын нақты жоспар қажет. 
Мақтаарал ауданына жұмыс сапары барысында өндіріс орындары мен құрылыс нысандарын араладым. Ақалтын елді мекенінде орналасқан ауданның индустриалды аймағының жұмысымен таныстым. Мұнда 5 кәсіпорын жұмыс істейді және жаңа күн электр станциясы іске қосылған. Бұл кәсіпорындарда 300-ге жуық адам тұрақты жұмыс істейді. Биыл осы индустриалды аймақта тағы асфальт-бетон зауыты және құс шаруашылығы фабрикасы іске қосылмақ. 
Облысымыздың басым бағыты – өндіріс және жұмыс орындарын ашу. Жаңа кәсіпорын ашамын, халықты жұмыспен қамтимын дейтін азаматтарға қолдау көрсетіледі. Аудан әкімдігі іскер, белсенді, нақты жобасы бар азаматтарға жағдай жасап, кәсібін ашуына көмектесуі тиіс. Мемлекет тарапынан берілетін жеңілдетілген несиелер мен субсидиялар лайықты адамдарға берілсе ғана өндіріс көлемі артады. Индустриалды аймақтың әлеуетін толық пайдалануды тапсырдым. Өзбекстанмен шекаралас жатқан Оңтүстік аудандардың дамуы, мұнда кәсіпорындардың ашылуы бақылауда болады. Бұл аймақтардың әлеуеті жоғары.
Іссапар барысында былтыр іске қосылып, 150 адамды жұмыспен қамтып отырған мақта өңдеу зауытында және 50-ге жуық адамды жұмыспен қамтып отырған май шығару зауытында болдым. Қазақстан мен Түркия елдері бірлесіп ашқан кәсіпорын жылына 2,9 мың тонна мақта майын, 14 мың тонна шрот өндіреді. Одан кейін «Атамекен» кедендік бекеті мен «Сырдария» бақылау-өткізу пунктінің жай-күйін, Нұрлыжол ауылында орналасқан 200 орынға арналған жаңа мектептің құрылысын бақыладым. Тапсырыс беруші мен мердігердің келісімшартта көрсетілген міндеттерін орындауы тұрақты қадағаланады.

  • 16.01.2023
  • 231
Сатыбалды Д. А.
(Мұрағат)

Түркістан облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика