• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Нұртлеу М.Ә.
Қазақстан ЭЫҰ-дағы ынтымақтастықты кеңейтуді жақтайды

Ташкент, 2023 жылғы 23-24 қаңтар – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді бастаған Қазақстан делегациясы Экономикалық ынтымақтастық ұйымы Сыртқы істер министрлері кеңесінің (ЭЫҰ СІМК) 26-шы отырысына қатысуда.

Іс-шараға сондай-ақ Ұйымға мүше мемлекеттердің сыртқы саяси ведомстволарының басшылары және ЭЫҰ мамандандырылған агенттіктерінің және АӨСШК, ТМҰ және т.б. өңірлік ұйымдардың басшылары қатысты.

Отырысқа қатысушылар ЭЫҰ-ға мүше мемлекеттердің сауда, инвестициялар, азық-түлік қауіпсіздігі, экология, ауыл шаруашылығы, транспорттық дәліздер және т.б. салалардағы өзара іс-қимылының тиімділігін арттыру жөніндегі кең ауқымды мәселелерді талқылады, сондай-ақ Ұйым кеңістігінде экономикалық байланыстарды одан әрі дамыту жөнінде ұсыныстар енгізді.

СІМК қорытындысы бойынша Ташкент коммюникесі қабылданды, ол Қазақстанның ұсынысы бойынша ЭЫҰ мен Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңесі (АӨСШК) арасындағы өзара іс-қимылды дамытуды көздейді. АӨСШК-ге төраға ел ретінде Қазақстан осы ұсынысты іс жүзінде іске асыруға жәрдемдесуге дайын екенін білдірді.

Ауғанстандағы оқиғаларды ескере отырып, Министр М. Тілеуберді әріптес мемлекеттерді осы елді ЭЫҰ шеңберіндегі өңірлік экономикалық процестерге белсенді тартуға шақырды, Қазақстанның ауған халқына материалдық және гуманитарлық қолдау туралы айтты.

СІМК шеңберінде Қазақстан өкілі Жандос Асанов жаңа 3 жылдық кезеңге ЭЫҰ Бас хатшысының орынбасары лауазымына қайта сайланды.

Іс-шара барысында Кеңес 2023 жылға арналған ЭЫҰ Жұмыс бағдарламасы мен Іс-шаралар күнтізбесін мақұлдады, сондай-ақ ЭЫҰ Хатшылығы мен мамандандырылған органдарының қызметі туралы есептер қабылданды, Ұйымның жобалау қызметі мәселелері бойынша ұсынымдар әзірленді, 2023 жылға арналған бюджет мақұлданды.

Іс-шара аясында Қазақстанның сыртқы саяси ведомствосының басшысы Өзбекстан, Тәжікстан сыртқы істер министрлерімен, сондай-ақ ЭЫҰ Бас хатшысымен бөлек екіжақты кездесулер өткізді.

Анықтама: Экономикалық ынтымақтастық ұйымы – 1985 жылы Орталық Азия және Таяу Шығыс елдері құрған өңірлік мемлекетаралық экономикалық ұйым. ЭЫҰ Хатшылығының штаб-пәтері Тегеран қаласында (Иран) орналасқан.  Қатысушы елдер: Әзербайжан, Ауғанстан, Иран, Қазақстан, Қырғызстан, Пәкістан, Тәжікстан, Түрікменстан, Түркия және Өзбекстан.

  • 25.01.2023
  • 261
Нұртлеу М.Ә.
(Мұрағат)

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика