- Блогтар
- Орақов К.Н.
Орақов К.Н.
Басқарма төрағасы – «МАЭК» ЖШС Бас директоры
20 қаңтарда Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев "МАЭК" әлеуетін кеңейту және жаңғырту бойынша жиын өткізді
Өңір басшысы кәсіпорынның жұмысы мен тұтынушыларға арналған су тарифтерінің өзгеруіне қатысты мәселелерді көтерді. Халықты ауыз сумен сенімді әрі үздіксіз қамтамасыз ету бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды
Біз Нұрлан Ноғаевтың комбинатқа қатысты айтқан маңызды тапсырмаларын топтастырдық:
- Тарифтер әділ әрі негізді болуы керек. Тарифтерді кешіктіру арқылы коммуналдық қызметтерге зиян тигізіп жатқанымызды түсіну керек. Төлей алатындар толық төлесін, ал коммуналдық төлемдерді төлей алмайтындарға мемлекет тарапынан халықтың әлеуметтік осал топтарына қолдау көрсету тетігі бар. Маңғыстауда тұрғын үй көмегін 1 087 отбасы пайдаланады.
- Ақтау шартты түрде бес бөлікке бөлінген. Жақын арада қаланың төменгі бөлігінде, атап айтқанда, 1, 2, 3А шағынаудандарында инженерлік желілерді қайта жаңғырту және толық ауыстыру жұмыстары жүргізіледі. Бір миллиард теңгенің жобалық-сметалық құжаттамасы дайын, мемлекеттік сараптамадан өтуде. Инфрақұрылымды қалпына келтіру жұмыстары тұрғындарға қолайсыздық тудыруы мүмкін. Бірақ бұл шаралар болашақта коммуналдық мәселелердің алдын алу үшін қажет. Аталған жұмыс облыс орталығында жүргізіледі.
- "МАЭК" аумағында жаңа қуаттарды іске қосу жылдам қарқынмен жүруі керек.
- Бұрын кәсіпорында жұмыс істеген адамдар комбинаттың аянышты жағдайын білсе де, әрекет етпеген. Осы тұста неге ешқандай шара қолданылмады деген заңды сұрақ туындайды?!
- Техникалық аудит жүргізу қажет. Бұл әрекеттер алгоритмін құру және тапсырмаларға басымдық беру үшін маңызды.
- Сенімсіз жобалаушылар және мердігерлермен келісім-шартты дереу бұзу керек.
- Қандай да бір фирма "МАЭК" есебінен байымауы керек. Ешкім электр комбинатына қасақана әрекет жасай алмайды. Бұл мәселе менің жеке бақылауымда болады.
- "МАЭК"-тегі қазіргі жағдай мамандар мен кәсіпорын ардагерлері үшін сынақ. Біз осы сынды қабылдап, осы уақытқа дейін комбинатта жүргізілген сапасыз жұмыстың салдарын барынша жоя аламыз. Кәсіпорын жұмысын тұрақтандыру "МАЭК" мамандары мен ардагерлерінің көмегіне байланысты.
- Бу-газ қондырғысының (ПГУ) құрылысы мен қуаттарды орнатуға қатысты мәселелер ашық түрде талқыланып, дұрыс шешім қабылдануы керек.
- Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін тудыратын делдалдарды болдырмау үшін құрал-жабдықтар мен қондырғыларды тікелей өндірушілерден сатып алу керек.
- Жауапты органдар Энергетика министрлігімен БН-350 реакторын рекультивациялау және кәдеге жарату бойынша бірлескен жұмысты күшейтуі керек.
- 25.01.2023
- 236