- Блогтар
- Асылов Б.Н.
Асылов Б.Н.
ҚР Бас Прокуроры
Азаматтық процестегі прокурорлардың жұмысы туралы
Өткен жылы прокурорлар 20 мыңнан астам азаматтық және әкімшілік істерді қарау кезінде соттарда мемлекет мүддесін қорғады.
Прокурорлардың өтінішхаттары мен наразылықтары бойынша 313 сот актісі заңға сәйкес келтірілді, оның 60-ы менің наразылықтарым бойынша. 34,9 млрд теңгеге мемлекеттің мүддеі қорғалды.
18 наразылық бойынша мемлекетке магистральдық теміржол жолдары қайтарылды, 21,1 млрд теңгеге бюджет шығындарының алдын алынды.
Кәсіпкерлердің мүддесі үшін прокурорлардың актілері бойынша 9 сот актісі қайта қаралды.
Нәтижесінде, прокурорлық қадағалау актілері азаматтық және әкімшілік істер бойынша бірыңғай сот практикасын қалыптастырды.
- 31.01.2023
- 179