• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Нұртлеу М.Ә.
Нұртлеу М.Ә.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Қазақстан – ЕО: Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердінің және Еуропалық Одақтың Сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі Жоғарғы Өкілі – Еуропалық Комиссияның Вице-президенті Жозеп Борреллдың дипломатиялық қарым-қатынастардың 30 жылдығына орай бірлескен мәлімдемесі

Бүгін Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың орнағанына 30 жыл толады. Соңғы үш онжылдықта біз өзара құрмет пен сенімге негізделген берік әріптестік құра алдық.

1995 жылы Әріптестік және ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылғаннан бастап 2020 жылы Кеңейтілген әріптестік және ынтымақтастық туралы келісім (КӘЫК) күшіне енгенге дейін біздің серпінді қарым-қатынасымыз ұзақ жолдан өтті.

Қазіргі уақытта КӘЫК экономика, сауда және инвестиция салаларынан бастап авиация, білім беру және зерттеу, азаматтық қоғам мен адам құқықтары саласындағы әріптестікке дейін ынтымақтастықтың 29 саласын қамтиды. Қазақстан мен ЕО КӘЫК-ты толық іске асыру мақсатында өзара тиімді екіжақты қатынастарды одан әрі дамытуға және нығайтуға берік ұстанымын сақтап отыр.

ЕО «Әділетті Қазақстан» тұжырымын ілгерілетуге бағытталған Қазақстанның маңызды саяси және экономикалық реформаларын, сондай-ақ 2022 жылғы қаңтар оқиғаларына толық және ашық тергеп-тексеру жүргізуге елдің бейілділігін толық қолдайтынын тағы да мәлімдейді.

Шикізат, аккумуляторлық батареялар мен жасыл сутектің тұрақты құн тізбектері жөніндегі стратегиялық әріптестік туралы жақында қол қойылған өзара түсіністік меморандумы жасыл және цифрлық технологияларға көшу үшін маңызды рөл атқаратын болады. Біз жоғары деңгейдегі байланыстарды кеңейтуді, парламенттік ынтымақтастықты тереңдетуді, іскерлік және адамдар арасындағы байланыстарды нығайтуды, сондай-ақ адам құқықтары мен заң үстемдігі жөніндегі диалогты жалғастыратын боламыз.

Қазіргі геосаяси тұрғыда біз БҰҰ Жарғысына, халықаралық құқыққа және егемендік пен аумақтық тұтастықтың қағидаттарына берік бейілділігімізді растаймыз. Бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтаудың, сондай-ақ дауларды дипломатиялық жолмен шешудің маңыздылығын атап өтеміз.

Біз ЕО мен Орталық Азия арасындағы ынтымақтастық үшін берік әрі болашағы зор негіз құруға, сондай-ақ өркендеудің, тұрақты және орнықты дамудың іргетасы болып табылатын Орталық Азиядағы өңірлік диалогты нығайтуға деген ұмтылысымызды тағы да растаймыз. Келесі қадам ретінде біз 2023 жылы Қазақстанда Алматы қаласында ЕО – Орталық Азия Экономикалық форумын өткізуді асыға күтеміз.

Қарым-қатынастарымыз үшін осы маңызды жылы біз мейлінше тығыз және жан-жақты ынтымақтастығымыздың болашағына сеніммен қараймыз. Оны Еуропалық Одақ пен Қазақстан халқының өзара игілігі үшін, сондай-ақ зор өңірлік тұрақтылық пен өркендеу жолында ілгерілетуге бел будық.

  • 03.02.2023
  • 215
Нұртлеу М.Ә.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі

Нұртлеу М.Ә.
(Мұрағат)

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика