- Блогтар
- Сатыбалды Д. А.
Сатыбалды Д. А.
Түркістан облысының әкімі
Су нысандарына әуеден шолу жасадым
Сырдария өзені бойында орналасқан Отырар, Сауран аудандары мен Арыс қаласының аумағына аэровизуалды шолу жасап, өзен бойына жақын орналасқан елді мекендер мен су нысандарының жай-күйін бақыладық. «Көксарай» су ретегішіне барып, судың деңгейін тексердік.
Ауа райының күрт жылынғаны сезіліп жатыр. Сондықтан су қоймаларының жай-күйі қатаң бақылауда болып, кезекшілік тұрақты атқарылуы керек. Өзендер мен көлдер, арық-атыздар қадағалау да болады.
Тексеру нәтижелері бойынша облыстағы су қоймалардың деңгейі қалыпты жағдайда екені анықталды. Қазіргі таңда барлық су нысандарының жағдайы мен деңгейін бақылау мақсатында облыстық су тасқынына қарсы комиссия құрылған. Жауаптыларға қауіпсіздік шараларын күшейту жөнінде тапсырмалар бердім.
- 03.02.2023
- 201