- Блогтар
- Сатыбалды Д. А.
Сатыбалды Д. А.
Түркістан облысының әкімі
Штабтың шұғыл кеңесін өткіздік
Су тасқынына байланысты аудан, қалалардағы жағдайды саралау мақсатында Төтенше жағдай департаментінде штабтың шұғыл кеңесін өткіздік. Су тасқынының алдын алу бойынша жоспарлар жасалып, тиісті жұмыстар қолға алынды. Қауіпті аймақтарға техника мен күшті жұмылдырып жатырмыз. Бірақ жауын-шашынның мөлшерден артық түсуі, ауа райының күрт жылынуынан қардың тез еруі бірнеше ауылды әбігерге салып отыр. Кеше облыстағы су нысандары мен өзендерді қарап шықтық. Барлық аудан, қалада күшейтілген режимде жұмыс жалғасып, қауіпсіздік шаралары сақталуы тиіс. Әр ауданда, ауылда келтірілген шығынды есептеу бойынша арнайы комиссиялар құрылады.
Жауапты басшыларға орын алған тасқын су салдарын жою және қауіпсіздік шараларын күшейту жөнінде тапсырма бердім.
- 03.02.2023
- 195