• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Әбілқасымова М.Е.
Әбілқасымова М.Е.

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Үш жыл ішінде Қазақстандағы қаржылық сауаттылық деңгейі 39%-дан 40,2%-ға дейін өсті

2020-2022 жылдар аралығындағы кезеңде Қазақстанда қаржылық сауаттылық деңгейінің өсуі байқалады: адамдар шоттарды төлеуге жауапты бола бастады, қаржылық жоспарлау мен бюджетті жүргізуде, ай сайынғы міндетті шығындарды төлегеннен кейін жинақтарды қалыптастыруда тәртіпті сақтайтын болды. Бұл жағдайды Қаржылық сауаттылықты арттырудың 2020-2024 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі жүргізген әлеуметтанушылық зерттеудің нәтижелері дәлелдейді.

Агенттік қаржылық сауаттылық деңгейін 2020 жылдан бастап үш негізгі құрауыш бойынша өлшейді: «Меншікті қаржы қаражатын басқару», «Қаржылық қызметтерді пайдалану қабілеті», «Қаржы жүйесі туралы хабардар болу». 2022 жылы зерттеуге екі құрауыш  қосылды – қаржылық алаяқтық және мүгедектігі бар адамдардың қаржылық сауаттылығы.

Сауалнамаға қатысқан респонденттердің жалпы саны 2022 жылы еліміздің барлық өңірлерінен және республикалық маңызы бар үш қаладан 2 550 адамды құрады.

Тұтастай алғанда, сауалнама нәтижелері оң серпінді көрсетіп отыр. 2022 жылы Қаржылық сауаттылық индексі 40,2%-ды құрады – бұл өткен жылмен салыстырғанда 0,7%-ға артық (2021 ж. – INDEX = 39,52%; 2020 ж. – INDEX = 39,07%).

Ең жоғары көрсеткіш «Қаржы жүйесі туралы хабардар болу» құрауышы бойынша тіркелді – 41%, 2021 жылмен салыстырғанда өз деңгейін айтарлықтай арттырды (35,5%; ↑ 5,5%).

Екінші орында «Қаржылық қызметтерді пайдалану қабілеті» деген көрсеткіш, ол өз деңгейін 2022 жылы – 40,1%; 2021 жылы – 40,5% мөлшерінде сақтап қалды.

«Меншікті қаржы қаражатын басқару» құрауышы 39,6%-ды құрап, төмен көрсеткіш болды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 3%-ға төмен (2021ж. – 42,57%).

Әлеуметтанушылық зерттеу нәтижелері бойынша Агенттік халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру бойынша бірлескен жұмысты күшейту мақсатында мемлекеттік органдар, қаржы және қоғамдық ұйымдар үшін ұсынымдар әзірледі.

Зерттеу нәтижелері туралы толығырақ мына жерден оқи аласыз.

 

 

 

  • 09.02.2023
  • 317
Әбілқасымова М.Е.

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы

Әбілқасымова М.Е.
(Мұрағат)

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика