- Блогтар
- Асылов Б.Н.
Асылов Б.Н.
ҚР Бас Прокуроры
Қазақстан азаматын Беларусьтен экстрадициялау туралы
Прокурорлар Интерполдың көмегімен Беларусь Республикасынан Қазақстан азаматын экстрадициялады. Ол Жамбыл облысының аумағындағы орын алған жаппай тәртіпсіздіктерге қатысы бар деген күдікке ілініп отыр.
Қылмыс жасағаннан кейін аталған адам қылмыстық қудалау органдарынан жасырынған және оған халықаралық іздеу жарияланды.
Қазіргі таңда, күдікті Қазақстанға жеткізіліп тергеу изоляторына қамалды.
Қазақстандық қылмыстық заңнама бойынша жоғарыда аталған қылмыстарды жасағаны үшін ол 3 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасына кесілу қаупі бар.
- 09.02.2023
- 204