• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Жақыпова С. Қ.
Жақыпова С. Қ.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Т. Дүйсенова сенаторларға Әлеуметтік кодекстің жобасын таныстырды

2023 жылғы 7 ақпанда ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова ҚР Парламенті Сенатының депутаттарына ҚР Әлеуметтік кодексінің жобасында көзделген әлеуметтік қамсыздандырудың тиімділігін арттыру жөніндегі шаралар туралы айтып берді.

ЕХӘҚМ басшысы сөз басында Әлеуметтік кодекс жаңа әлеуметтік саясатты құру үшін негіз болатынын, оның басты мақсаты әрбір отбасының әл-ауқатын арттырып, тұрмыс сапасын жақсарту ісінің негізін қалыптастыру екенін атап өтті. Оны іске асыру үшін мемлекет, бизнес және азаматтар арасында жаңа әлеуметтік келісімшарт жасау көзделген.

Әлеуметтік кодексті әзірлеу кезінде халықаралық тәжірибе мұқият зерделеніп, ЕуроОдақтың Әлеуметтік кодексі басшылыққа алынды, бірақ бұл ретте еліміздің өз ерекшеліктері жан-жақты ескерілді. Кодекстің жобасы 5 бөлімнен, 19 тараудан және 267 баптан тұрады.

Тамара Дүйсенова құжаттың 5 негізгі новеллаларына баса назар аударды.

«Бірінші новелла – бұл мемлекеттік органдардың барлық қолданыстағы ақпараттық жүйелерінің деректері негізінде қалыптастырылатын Отбасының цифрлық картасы (бұдан әрі – ОЦК). Оны енгізудің басты мақсаты қазақстандықтардың мемлекеттік қолдау жүйесіне тең қолжетімділігін қамтамасыз ету болып табылады. Сондықтан Кодексте біз ОЦК-ны әлеуметтік саясаттың орта және ұзақ мерзімді міндеттері мен бағыттарын айқындау құралы ретінде белгіледік. Сондай-ақ, ОЦК адамдарға SMS-хабарламалар жіберу арқылы мемлекеттік қолдаудың қандай түрін алуға құқылы екендігі туралы хабардар ететін электрондық жаршы құралы қызметін атқарады. Жәрдемақылар мен төлемдер ақпараттық жүйеде бар деректер негізінде проактивті форматта тағайындалатын болады», – деді министр.

Екінші жаңалығы – мемлекеттік қолдаудың жаңа парадигмасы, ол алдымен әлеуметтік тәуекелдердің алдын алу үшін атаулы шараларды, содан кейін ғана әлеуметтік тәуекелдердің салдарымен күресуге бағытталған атаулы көмекті көздейді.

Бұл ретте Әлеуметтік кодексте балалары бар отбасыларды әлеуметтік қолдаудың қосымша шаралары көзделген: бала күтімі бойынша төлемдердің мерзімін 1,5 жасқа дейін ұзарту (500 мыңнан астам ананы қамтиды); Ұлттық қордың инвестициялық табысының 50%-ын 18 жасқа дейінгі балаларға арналған бастапқы капитал ретінде енгізу (6 млн-нан астам баланы қамтиды); 6-дан көп баланы дүниеге алып келген аналарға наградталған ана деген жаңа мәртебе қаралып, жәрдемақы мөлшерін ұлғайту (250 мыңнан астам ананы қамтиды).

«Тағы бір маңызды өзгеріс – 2025 жылдан бастап атаулы әлеуметтік көмек тағайындау үшін кедейлік шегі ең төменгі күнкөріс деңгейінің орнына медиандық табыс деңгейі арқылы анықталады», – деді Тамара Дүйсенова.

Үшінші жаңалығы – әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін трансфомациялау, оның басты мақсаты мүгедектігі бар адамдар үшін, әсіресе ауылдық жерлерде арнаулы әлеуметтік қызметтердің қолжетімділігін арттыру болып табылады.

«Мүгедектігі бар адамға қызмет көрсетуге отбасы мүшелерін тарту көзделіп отыр (бұдан әрі – МБА). Мүгедектігі бар адамдардың туыстары тиісті еңбекақы және әлеуметтік аударымдармен жеке көмекшілер немесе әлеуметтік қызметкерлер ретінде ресімделетін болады.

Тағы бір өзгеріс – жан басына шаққандағы норматив енгізу. Қызметтер үшін жеке нормативтер, ал компенсаторлық техникалық құралдар үшін шекті бағалар болады. Бұл өзгерістер, бір жағынан, кейбір қызмет түрлерін немесе тауарларды одан әрі монетизациялауға әкеледі, екінші жағынан, арнайы әлеуметтік қызметтерді ұсынуға жеке секторды кеңінен тарту саланың инфрақұрылымын ауылдық жерлерге жеткізуге мүмкіндік береді», – деді министр.

Бұдан басқа, жергілікті атқарушы органдар жанынан құрылған Әлеуметтік қызметтер порталы (бұдан әрі – ӘҚП) бойынша комиссияларға жаңа өкілеттіктер беру көзделеді: сапасыз тауар немесе қызмет туралы МБА өтінішін 5 күн ішінде қабылдау және қарау; мерзімдерін көрсете отырып, ұсынылған тауарды немесе көрсетілген қызметті түзету туралы хатты жеткізушіге жіберу және олардың орындалуын бақылау; жеткізушіні ӘҚП-дан алып тастау және жосықсыз жеткізушілер тізіміне енгізу.

«Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін трансформациялау аясында әлеуметтік қызметкерлер институтын күшейту көзделген. Әлеуметтік жұмысқа біліктілікті тәуелсіз бағалаудан өткен сертификатталған мамандар ғана жіберіледі. Мүгедектігі бар азаматтарға қызмет көрсететін мамандарды таңдау үшін әлеуметтік қызметкерлердің тізілімі жасалады, онда олардың біліктілігі, көрсетілетін қызметтердің түрлері мен сапасы, жұмыс нәтижелері туралы ақпарат қамтылатын болады. Әлеуметтік қызметкерлер үшін ұсынылатын қызметтердің біліктілік деңгейін, санаты мен ерекшелігін ескеретін еңбекақы төлеудің жаңа жүйесі енгізілетін болады», – деп баса айтты ЕХӘҚМ басшысы.

Төртінші жаңалығы – жұмыспен қамтылған азаматтардың әлеуметтік қамсыздандыру деңгейін арттыру.

Тамара Дүйсенова өз сөзінде Қазақстанда қолданыстағы 5 әлеуметтік тәуекел бойынша сақтандыру жүйесі халықаралық стандарттар мен нақты экономикалық жағдайларға сәйкес келетіндігін атап өтті.

«Жүйенің негізі сақталады, бірақ оның мақсаты өзгереді. Жүйе әлеуметтік төлемдерді жүзеге асыруға ғана емес, ең алдымен ресми жұмыспен қамтылған азаматтардың әлеуметтік қорғалу деңгейін арттыру үшін заңды жұмыспен қамтуды ынталандыруға бағытталатын болады», – деді министр.

Осы мақсатқа қол жеткізу үшін шағын бизнестің жалдамалы жұмыскерлері үшін бірыңғай міндетті төлемді, онлайн-платформа арқылы жұмыс істейтін азаматтар үшін арнайы салық режимін енгізу, өз қызметкерлерін жазатайым оқиғалардан сақтандыратын жұмыс берушілер үшін сақтандыру тарифтерін төмендету көзделген.

«Тарифтерді төмендету бойынша қабылданып жатқан шаралар Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан және сақтандыру компанияларынан төленетін әлеуметтік төлемдер мөлшерін кезең-кезеңімен арттырумен қатар жүретін болады. Осы жылдан бастап жұмысынан айырылған азаматтарға жарналарды төлеу кезеңіне сәйкес МӘСҚ-тен 6 айға дейін бұрынғы табысының 45% мөлшерінде төлемдер көзделген», – деп атап өтті ЕХӘҚМ басшысы.

Әлеуметтік кодекс жобасында көзделген зейнетақымен қамсыздандыру жүйесіндегі өзгерістер туралы айта келе, Тамара Дүйсенова алдағы 5 жылда аға және бүгінгі буын зейнеткерлер үшін базалық зейнетақы көбейтілетінін хабарлады. Сондай-ақ, еңбек зейнетақысының мөлшерін есептеу үшін пайдаланылатын ең жоғары табыс мөлшері 46-дан 55 айлық есептік көрсеткішке дейін немесе орташа жалақының 70%-на дейін артады. Өз жинақтары есебінен зейнетақы қалыптастыратын болашақ зейнеткерлер үшін жұмыс берушілердің қосымша зейнетақы жарналары енгізілетін болады.

Бұдан басқа, салымшылардың өз активтерін басқару жөніндегі құқықтарын кеңейту бойынша өзгерістер енгізілуде. Енді зейнетақы жинақтары белгіленген жеткіліктілік шегінен жоғары азаматтар тек емделуге және тұрғын үй сатып алуға жұмсайтын болады. 

Салымшыларға зейнетақы жинақтарының 50 пайыздан аспайтын бөлігін активтерді басқару компаниясына беру және мұндай компанияны өздері таңдау құқығы беріледі. Бұл ретте, мемлекет зейнетақы жинақтарының сақталуына кепілдікті жинақтың Ұлттық банк басқаратын бөлігіне ғана беретінін атап өткен жөн.

Бесінші жаңалығы – халықты жұмыспен қамту саласындағы жаңа тәсілдер, олар 3 бағыт бойынша іске асырылатын болады.

Біріншісі – еңбек нарығын либерализациялау. Бұл икемді жұмыспен қамтудың барлық түрлерін, соның ішінде платформалық жұмыспен қамтуды тануды білдіреді.

Осы мақсатта «тәуелсіз жұмыскер» – яғни табыс әкелетін еңбекпен айналысатын, бірақ тиісті уәкілетті органдарда ресми мемлекеттік тіркеуі жоқ тұлға ұғымы енгізілген болатын.  

«Мұндай жұмыскерлердің қызметі оларды онлайн-платформалар офертасына қосқан немесе жария шарт жасасқан жағдайда ресми жұмыспен қамтылды деп танылады. Олар үшін міндетті салық төлемдері мен әлеуметтік аударымдарды төлеуді енгізілетін арнайы салық режиміне сәйкес қамтамасыз ететін онлайн-платформа операторларын салық агенттері айқындау ұсынылады. Бұл жағдайда жұмыспен қамтылғандардың осы санаты, жалдамалы қызметкерлер сияқты, республикалық бюджеттен, мемлекеттік әлеуметтік қорлардан және сақтандыру компанияларынан әлеуметтік төлемдер алатын болады. Тиісті аударымдар болмаған жағдайда оларға заңнамада белгіленген ең төменгі мемлекеттік кепілдіктер ғана беріледі», – деп хабарлады министр.

Екіншісі – жұмыс күшінің дағдыларын арттыру.

Дағдылар мен құзыреттерді бағалау үшін сертификаттау жүйесі енгізіледі. Сертификаттар тәжірибеде қажет білім, еңбек дағдылары мен біліктілігін бағалағаннан кейін беріледі. Бұл ретте оларды формалды, сондай-ақ формалды емес және информалды білім иелері де ала алады.

Үшінші бағыт – жұмыспен қамтудың цифрлық орталықтарын қалыптастыру.

«Бүгінгі таңда жұмыс іздеу, жұмыссыз ретінде тіркелу, МӘСҚ-тен жұмысынан айырылу бойынша әлеуметтік төлемдерді тағайындауға өтініш беру процесі толығымен цифрландырылып, Электрондық еңбек биржасы арқылы іске асырылуда.

Осыған байланысты Әлеуметтік кодекстің жобасында жұмыспен қамту орталықтарын облыстардың ерекшелігін ескере отырып, өңірлік еңбек нарықтарын дамыту жөніндегі барлық бастамалар мен бағдарламаларды үйлестіретін мобильді орталықтарға айналдыру көзделеді», – деп түсіндірді Тамара Дүйсенова.

ЕХӘҚМ басшысы жаңа көші-қон саясатын қалыптастыруға және еңбек заңнамасын одан әрі жетілдіруге бағытталған заңнамаға бірқатар түзетулер дайындалғанын хабарлады.

«Олардың мақсаты – Қазақстан экономикасын сұранысқа ие және білікті кадрлармен қамтамасыз ету, жұмыс берушілер мен қызметкерлер арасындағы еңбек қатынастарын жетілдіру», – деп түйіндеді министр.

Өз сөзінің соңында Тамара Дүйсенова Әлеуметтік кодекс жобасында көзделген новеллалардың басым бөлігі ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап іске асырылып жатқанын атап өтті.

  • 10.02.2023
  • 330
Жақыпова С. Қ.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

Жақыпова С. Қ.
(Мұрағат)

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика