- Блогтар
- Сахиев С.К.
Сахиев С.К.
«Ядролық физика институты» РМК Бас директоры
Зерттеу реакторларын конверсиялау мәселелері бойынша кездесу өтті
2023 жылдың 7 ақпанында Ядролық физика институтына конверсиялық кеңсе тобының жетекшісі Бриан Вуд бастаған АҚШ-тың Ұлттық ядролық қауіпсіздік әкімшілігі мен ұлттық зертханаларының өкілдері жұмыс сапарымен келді. Кездесудің мақсаты ИГР зерттеу реакторын (ҚР ҰЯО) төмен байытылған уран (ТБО) отынына айырбастау бағдарламасы бойынша жұмыстарды талқылау болды.
Кездесу барысында Ядролық физика институтының бас директоры Саябек Сахиев ЯФИ-нің ғылыми жетістіктері мен даму перспективалары туралы қысқаша айтып берді.
- 14.02.2023
- 163