• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Нұртлеу М.Ә.
Нұртлеу М.Ә.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Қазақстан СІМ басшысы Португалияға сапармен келді

Лиссабон, 2023 жылғы 13 ақпан – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Португалия Республикасына сапармен келіп, оның барысында Сыртқы істер министрі Жоау Гомеш Кравиньюмен келіссөздер өткізді және осы елдің бірқатар жетекші компанияларының басшыларымен кездесті.

Екі елдің сыртқы саяси ведомстволарының басшылары сындарлы және достық сұхбат барысында Қазақстан мен Португалия арасындағы саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын талқылады.

Министрлер халықаралық күн тәртібіндегі бірқатар өзекті мәселелер бойынша, оның ішінде Қазақстан мен Еуроодақ арасындағы стратегиялық әріптестікті дамыту контекстінде «сағаттарын теңестірді». Халықаралық және өңірлік ұйымдар шеңберіндегі бастамаларды өзара қолдаудан және негізгі геосаяси проблемалар бойынша ұстанымдардың ұқсастығынан көрінетін оң диалогтың сапасы аталып өтті.

Тараптар институционалдық тетіктерді жетілдіру, өзара сауданы әртараптандыру, транзит-көліктік маршруттарды дамыту, сондай-ақ цифрландыру, IT-индустрия, «жасыл» энергетика, туризм, білім беру және т.б. салаларда кооперацияны жандандыру қажеттігін атап өтті.

Сұхбаттастар шарт-құқықтық базаны одан әрі кеңейтуге және саяси диалогты дамытуға ерекше назар аударды. Ынтымақтастықтың перспективалы салаларын жандандыру, мемлекеттік және бизнес құрылымдар арасындағы тікелей байланыстарды ынталандыру үшін екі елдің Үкіметаралық комиссиясы мен Іскерлік кеңесін тезірек құру қажеттілігі аталып өтті. ҚР азаматтары үшін визалық режимді жеңілдету мәселесі жеке талқыланды.

Министр Ж. Кравинью Қазақстан СІМ басшысының Лиссабонға сапары өзара іс-қимылдың барлық спектрі бойынша ынтымақтастықты одан әрі арттыруға қосымша серпін беретініне сенім білдірді. «Португалия Қазақстанды Орталық Азияның стратегиялық перспективалы аймағындағы маңызды және сенімді серіктес ретінде қарастырады. Біз көпқырлы ынтымақтастықты нығайтуға және сауда-экономикалық өзара іс-қимылды кеңейтуге қолғабыс көрсетуге дайынбыз», - деп мәлімдеді португалдық министр.

Өз кезегінде Министр М.Тілеуберді әріптесін Қазақстанға сапармен келіп қайтуға шақырды. Ж. Кравинью шақыруды қуана қабылдап, ағымдағы жылдың екінші жартысында өкілді бизнес-делегациямен бірге Астанаға келуге дайын екенін хабарлады.

Қазақстандық делегацияның Taguspark ғылыми-технологиялық паркінің басшылығымен кездесуі өте жемісті болды, оның алаңында 160-тан астам жетекші трансұлттық және еуропалық технологиялық компаниялар жұмыс істейді.

Taguspark Басқарма төрағасы Эдуарду Баптишта Корреа және IT, бағдарламалық қамтамасыз ету, бизнесті сертификаттау және фармацевтика салаларында қызмет атқаратын Altice, ISQ, PHC Software, Jaba Recordati, TechnoEdif, Bandora және Shift Consulting сияқты компаниялардың басшылары Қазақстандағы қаржы технологиялары экожүйесінің серпінді дамуына шынайы қызығушылық танытты. Astana Hub және «Астана» Халықаралық қаржы орталығымен ынтымақтастық орнату туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. Оған қоса, Taguspark-тегі бірқатар компаниялар өзара тиімді жобаларды іске асыру мақсатында байланыс орнату және перспективалы әріптестерді іздеу үшін ағымдағы жылы Қазақстанға келуге ниет білдірді.

  • 15.02.2023
  • 183
Нұртлеу М.Ә.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі

Нұртлеу М.Ә.
(Мұрағат)

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика