• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қасымбек Ж. М.
Қасымбек Ж. М.

Астана қаласының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
«Көктал-1» елді мекенінің тұрғындарынан әлеуметтік желі арқылы сауалдар түскен болатын.

Өзара байланыстың тиімділігін арттыру үшін аталмыш елді мекеннің тұрғындарымен кездестім. Кездесуде түйткілді мәселелер мен олардың шешім жолдарын талқыладық.

✔️Көтерілген мәселелердің бірі - кәріз жүйесінің жұмысы. Қазір жобалау жұмысын жүргізіп жатырмыз. Тығыз орналасқан құрылыстан әрі нысандардың кейбір жері қызыл сызықтан асып кеткендіктен жұмыс барысы қиындап тұр. Себебі желілерді төсеуге арналған дәлізді табу қиын. Дегенмен осы бағытта жүйелі жұмыс жүргізіп жатырмыз. Жобалау жұмысын жыл соңына дейін аяқтауды жоспарлап отырмыз, ал келер жылы кәріз құрылысын бастаймыз. Сол сияқты биыл кәріз жүйесіне сүзгі орнатуды жоспарлап отырмыз.

✅Сонымен қатар газдандыру мәселесі де көтерілді. «Көктал-1» елді мекенінде кварталішілік желілер салынғанына қарамастан жекелеген тұстарда қалған үйлер бар. Мұндай үйлер үшін газға қосылудың балама жолдарын қарастырамыз. Үйлердің газға қосылуын жеңілдету үшін рұқсат беру құжаттарының тізімі қысқартылды, тұрғындардың мұқтаж санаттарына бөлінетін сома мөлшері ұлғайды. Материалдық көмек мөлшері - 450 мың теңгеге дейін (130 АЕК).

Сондай-ақ әлеуметтік нысандар (мектептер, медицина орталықтары, спорт орталықтары), жолдар салу, ауданды абаттандыру, интернет жүргізу, қосымша автобус маршруттарын іске қосу, су қысымын арттыру, жарықтандыру, ШОБ нысандарының заңсыз қызметі және т.б. мәселелер көтерілді.

✔️Мәселен «Көктал-1» елді мекенінде дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салу жобасына түзету енгіземіз. Тұрғындардың қажеттіліктері мен тілектерін ескере отырып, бұл спорт орталығын бассейнмен, хоккей кортымен жобалайтын боламыз. Сол сияқты №41 мектепті техникалық тексеруден өткіземіз, ал жөндеу жұмысын келер жылы аяқтаймыз. Келесі жылы жаңа корпус (қосымша) саламыз. Жалпы әлеуметтік нысандар бойынша мәселелер бар екені ескеріле келе елді мекенді дамыту жоспарын қарап, енгізетін боламыз.

Өзге де аудандардың, елді мекендердің тұрғындарымен тұрақты түрде кездесуді жалғастырамын, сонымен қатар апта сайын азаматтарды қабылдаймын.

  • 28.02.2023
  • 225
Қасымбек Ж. М.

Астана қаласының әкімі

Қасымбек Ж. М.
(Мұрағат)

Астана қаласының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика