- Блогтар
- Жазықбай Д.М.
Жазықбай Д.М.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Төрағасы
МҚІА төрағасы азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады
Бүгін Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбаев азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.
Жеке қабылдауда өтініш берген азаматтардың қатарында Алматы, Батыс Қазақстан және Түркістан облыстарының тұрғындары болды.
Азаматтар Агенттік төрағасына мемлекеттік қызметке орналасу және оны өткеру, мемлекеттік органдармен өтініштерді қарау мәселелері және лауазымды тұлғалардың іс-әрекеттеріне қатысты шағымдармен жүгінді.
Әрбір азаматтың өтініші мұқият тыңдалып, арыз-шағымдары бойынша Агенттіктің құрылымдық және аумақтық департаменттеріне тиісті тапсырмалар берілді.
- 28.02.2023
- 164