• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Саясат Нұрбек
Саясат Нұрбек

ҚР Ғылым және жоғары білім министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
МИНИСТР САЯСАТ НҰРБЕК ЖҰМЫС САПАРЫМЕН АТЫРАУ ОБЛЫСЫНА БАРДЫ

ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Атырау облысына жұмыс сапарымен барды.

Министр жұмыс сапарын облыс әкімі Серік Шәпкеновпен бірге Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетіне қарасты  апаттық деп танылған №2 жатақхананың жағдаймен танысудан бастады. Қазіргі уақытта студенттер облысымыздағы басқа да оқу орындарының жатақханасына орналастырылған.

Ары қарай Саясат Нұрбек Атырау университеті жанынан құрылған ер балаларға арналған «Ұстаз» мектеп интернатының оқушыларымен жүздесіп, болашақ мұғалімдердің жай-күйін біліп, оқушыларға дәріс оқыды. Мектепте  аудандардан жиналған 100-ге жуық 10-11 сынып оқушылары тегін білім алуда.

Сонымен қатар аймақтың екі жоғары оқу орны – Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті мен С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінің профессор-оқытушылар құрамымен кездесті. Атап өтсек, ынтымақтастық аясында Губкин университеті Сафи Өтебаев университінің кітапханасына 1300 астам кітап сыйлаған. Іс-шара барысында министр ғылым және білім саласындағы өзгерістер мен алда атқарылатын мақсат-жоспарлармен бөлісті.

«Қазіргі таңда ғылым және жоғары білім саласын дамытуға орай жеті жылдық тұжырымдама дайындалуда. Соның аясында жоғары білім саласына 7,5 млрд доллар бөлінетін болады. Бұл қаражат жаңа оқу ғимараты мен жатақханалардың бой көтеруіне, лаборториялық орындардың ашылуына және инфрақұрылымдардың дамуына негіз болады. Сондай-ақ, басымдылық өңірлердегі жоғары оқу орындарына бөлінеді», - деді министр.  

Республикалық «Сенің сәтің» форумы аясында  Саясат Нұрбек ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі жанындағы студенттік кеңестің отырсына қатысты. Әр аймақтан жиналған белсенді студенттердің басын қосқан шарада министр ғылым, білім жолындағы маңызды ақпараттармен бөлісіп, белсенді студенттердің ұсыныс-пікірлерін тыңдады.

 

  • 06.03.2023
  • 249
Саясат Нұрбек

ҚР Ғылым және жоғары білім министрі

Саясат Нұрбек
(Мұрағат)

ҚР Ғылым және жоғары білім министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика