- Блогтар
- Элиманов Ж. Қ.
Элиманов Ж. Қ.
ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы
"Заңды тұлғалардың бенефициарлық меншігі"
Агенттік Еуропа кеңесінің өкілдерімен бірлесіп 6-10 наурыз аралығында Астана қаласында Орталық Азиядағы құқық үстемдігі бағдарламасы шеңберінде мемлекеттік реттеуші органдардың, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) жіәне терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы комплаенс – офицерлерінің, банктік емес қаржы мекемелерінің және белгіленген қаржылық емес кәсіпорындар мен кәсіптердің қатысуымен "Заңды тұлғалардың бенефициарлық меншігі" тақырыбында оқыту іс – шараларын өткізді. ФАТФ 24 және 25 ұсынымдары елдерден бенефициарлық меншік иелерінің тізілімін жүргізуді, сондай-ақ бұл тізілім ақшаны жылыстатуға қарсы жүйесіне қатысушыларға өзекті және қолжетімді болуын талап етеді. Семинар қаржы мониторингі субъектілеріне бенефициарлық меншік иелерін сәйкестендіру жөніндегі соңғы әзірлемелер туралы ақпарат алуға, халықаралық сарапшылардан заңды тұлғаларды заңсыз пайдаланудың неғұрлым кең таралған схемаларын естуге мүмкіндік берді. Мұндай іс-шаралар ақшаны жылыстатуға, терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жоятын қаруды таратуды қаржыландыруға қарсы күресте тиімділікті арттыруға оң әсер етеді және осындай іс-шараларды Агенттік тұрақты негізде жүргізеді.
- 10.03.2023
- 163