- Блогтар
- Аринов Ч.С.
Аринов Ч.С.
ҚР Төтенше жағдайлар министрі
Республика бойынша су тасқынына қарсы іс-шаралар жүргізілуде
Жыл сайын су тасқыны кезеңінде аула аумақтары мен елдімекендердің көшелерін еріген қар суының басу жағдайлары туындайды. Еріген қар суы тасқынының себептерінің бірі қарды уақытылы шығармау болып табылады.
2023 жылғы 9 наурызда Семей қаласының "112" пультіне Жаңатайұлы көшесі мен Байсалықов көшесінің қиылысында қардың еруі салдарынан тұрғын үйлерді су басу қаупі бар екендігі туралы хабарлама келіп түсті. Көшедегі су деңгейі 50 см-ге дейін көтерілді.
Оқиға орнына жергілікті атқарушы органдардың өкілдерімен бірлесіп, жеке құрамның 5 адамынан тұратын №3 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері шықты.
Келгеннен кейін ТЖД қызметкерлері "СТРОНГ" мотопомпасын орнатып, су сору жұмысын бастады.
Қазіргі уақытта осы аумақтан 3750 м3 еріген қар суы сорылды. Осы бағыттағы жұмыстар жалғасуда.
ҚР ТЖМ 68303 әскери бөлімінің жеке құрамы тұрғын үйлерді су басудың алдын алу мақсатында алдын алу іс-шаралары жүргізуде: Восточный кентінің ауданында еріген қар және жер асты суларының өтуі үшін жалпы ауданы 16500 шаршы метр қамыс шабылды; Пожарная Согра ауданында бөгет құрылымын тұрғызу үшін 5000 шаршы метр алаң тазартылды, 365 911 текше метр инертті материал әкелінген.
Барлығы 103 адам мен 11 техника жұмылдырылды. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда.
2023 жылғы 9 наурызда Ақтөбе қаласы, Ақтөбе облысының Ойыл, Мұғалжар және Темір аудандарында ТЖД және ЖАО күштерімен ашық аумақтан еріген қар суын сору жұмыстары жүріп жатыр, барлығы 2 175 текше метр су сорылды.
Төтенше жағдайлар департаментінен 49 адам, 8 техника және 12 мотопомпа жұмылдырылды. Су сору жұмыстары жалғасуда.
9 наурыз күні сағат 08.00-ден бастап облыс тұрғындарынан 36 қоңырау келіп түсті.
Авариялық-құтқару және шұғыл жұмыстарды жүргізуге Төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамынан 16 адам, 2 бірлік техника, 4 бірлік мотопомпа, жергілікті атқарушы органдардан 354 адам, 165 бірлік техника, 43 бірлік мотопомпа және 61 бірлік су айдау техникасы жұмылдырылды.
Еріген қар суын сору жұмыстары Орал қаласы, Ақжайық, Бөрлі, Теректі, Тасқала, Жаңақала, Сырым, Бәйтерек аудандарында жүргізілді. Өзге аудандарда су басу қаупінің болмауына байланысты жұмыстар жүргізілген жоқ.
Жергілікті атқарушы органдардың күшімен (бір тәулікте) 9704 м3 еріген қар суы сорылды. Барлығы - 44587,6 м3 су сорылды.
Жергілікті атқарушы органдардың күшімен (бір тәулікте) 7075 м3 қар шығарылды. Барлығы – 307180 м3 қар шығарылды.
Сонымен қатар, су тасқынына қарсы іс-шаралар шеңберінде ТЖД және жергілікті атқарушы органдардың аумақтық бөлімшелері 17946 үгіт материалдарын таратты. Осы бағыттағы жұмыстар жалғасуда.
Сағат 16:00-дегі жағдай бойынша 2023 жылғы 6-10 наурыз аралығында Қызылқоға ауданында Атырау облысы ТЖД күштері мен құралдары, жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп көшелерден жиналған 18 000 текше метр су шығарылды.
2023 жылғы 10 наурызда авариялық-құтқару жұмыстарына Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінен 15 қызметкер, 3 бірлік техника мен 1 бірлік мотопомпа, жергілікті атқарушы органның 40 қызметкері, 9 бірлік техникасы және 5 мотопомпа жұмылдырылды.
Авариялық-құтқару жұмыстары жалғасуда.
Еріген су тасқыны жағдайларын болдырмау мақсатында ТЖМ су тасқынына қарсы іс-шаралар өткізуді сұрайды, атап айтқанда:
- аула аумағында жиналған қарды шығаруды ұйымдастыру;
- үйлердің, ғимараттар мен құрылыстардың шатырларын қар мен мұздан тазарту;
- жеке пәтерлердің, адамдар көп жиналатын объектілердің, білім беру және мектепке дейінгі мекемелердің басшыларына мұз құлауы мүмкін жерлерде ескерту белгілерін, ленталарды орнату бойынша жұмыстарды ұйымдастыру.
ТЖМ қазіргі уақытта адамның қаза болуына және жарақаттануына немесе ғимараттардың құрылыстары мен шатырларының қирауына жол бермеу және алдағы су тасқыны кезеңіне дайындық жұмыстарын орындау бойынша барлық тиісті шараларды қабылдау қажет екенін еске салады.
- 10.03.2023
- 190