- Блогтар
- Сатыбалды Д. А.
Сатыбалды Д. А.
Түркістан облысының әкімі
Қадірлі қауым!
Баршаңызды бүгінгі Амал мерекесімен құттықтаймын!
Амал мерекесі – ағайын-туыс, көрші-қолаң татулығы, ел бірлігі мен ынтымағының бір көрінісі. Бұл – өкпе-ренішті ұмытып, елді бірлікке, елдікке, татулыққа бастайтын күн. Алыстағы ағайын мен жақындағы бауырлар, көрші-қолаң бір-біріне арнайы сәлем беріп, жақсылық тілейді. Мен де барша Қазақ еліне, Түркістан жұртшылығына табыс, береке, амандық тілеймін!
Еліміз аман, жұртымыз ынтымақ-бірлікте болғай!
- 14.03.2023
- 180