- Блогтар
- Сатыбалды Д. А.
Сатыбалды Д. А.
Түркістан облысының әкімі
Түркістандық мемқызметшілер жұмысқа ұлттық киіммен шықты
Наурыз мерекесі қарсаңында Түркістан облысындағы мемлекеттік қызметкерлер ұлттық болмысымызды көрсету, құндылықтарымыз бен мәдениетімізді дәріптеуге арналған бастаманы қолдап, жұмысқа ұлттық киім киіп келді. Әріптестерімді ұлттық киімде көріп, көңілім көтеріліп қалды. Ұлттық киім мемлекеттік қызметшінің болмысын ерекше етіп көрсетеді. Мәдениетіміз бен дәстүрімізді қолдаған жөн.
Наурыз жақсылығымен келіп, халқымыздың берекесі арта берсін!
- 17.03.2023
- 169