• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Сатыбалды Д. А.
Сатыбалды Д. А.

Түркістан облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Төлеби тұрғындарымен кездестім

Төлеби ауданының тұрғындарымен кездесіп, ауданды дамыту бағытындағы жоспармен бөлістім. Төлебиліктердің өзекті сұрақтарына жауап беріп, барлық құқық қорғау органдары және сала басшыларымен бірге бірыңғай қабылдау өткіздік. 

Біздің міндетіміз – халыққа қолайлы жағдай жасау. Ұсыныстар назарға алынады. Біз бірінші кезекте ауыз су, инфрақұрылым мәселелерін шешуге басымдық береміз. Төлеби ауданында да осы салаларды жақсарту бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Былтырғы кездесуде төлебиліктер көтерген 14 мәселенінің 12-сі шешімін тапты. Ленгір қаласындағы қосалқы электр станциясының құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Ленгір қаласының Бірінші мөлтек ауданындағы 35 көпқабатты тұрғын үйдің аулаларын абаттандыру жұмыстарына және Оқушылар үйіне қосымша оқу корпусын салу бойынша қаржы бөлінді. 

Бұдан бөлек, тұрғындардың өтініштері бойынша Аққұм, Киелітас ауылдық окургтерінде мәдениет үйлері салынбақ. Қасқасу елді мекенін табиғи газбен қамтамасыз ету биылға жоспарланған. Тағайна елді мекенінің көшелеріне электр желілерін жүргізуге, Зертас және Тағайна елді мекендерінде орналасқан мектептердің қосымша корпус ғимаратын салу үшін қаржы толық қарастырылды. Бірінші мамыр елді мекенінде заманауи үлгідегі спорттық-сауықтыру кешені биыл тапсырылады. «Жайлы мектеп» пилоттық ұлттық жобасы аясында ауданда 4 мектеп салынады. 

Инвесторлар тарту, жаңа кәсіпорындарын ашу арқылы өңір экономикасы да, тұрғындардың әл-ауқаты да көтерілетіні анық. Биыл ауданда 15 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарлануда. Оның ішінде Зертас ауыл округінде құс фабрикасының құрылысы басталмақ. Көксәйек ауыл округінде мал бордақылау алаңын салу жоспарлауда. 

Жалпы, облыста Төлеби ауданының инфрақұрылымы анағұрлым жақсы. Табиғаты әдемі, ауасы таза аймақта туризмді дамытуға, инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға толық мүмкіндік бар. Осы бағытта жұмыс күшейтілуі тиіс.

  • 17.03.2023
  • 246
Сатыбалды Д. А.

Түркістан облысының әкімі

Сатыбалды Д. А.
(Мұрағат)

Түркістан облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика