• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Сапаров А.C.
Сапаров А.C.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
АШМ фермерлердің сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау бағдарламасына қолжетімділігін кеңейтіп жатыр

Агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне кредит беру кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қағидаларына өзгерістер енгізілді, ол тек ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру немесе қайта өңдеу саласындағы басым жобалар бойынша тауарлардың бекітілген тізбесіне сәйкес қызметін жүзеге асыратын субъектілерге ғана субсидия беруді көздейді.

Бұл жаңалық ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру және (немесе) қайта өңдеу саласындағы ЭҚЖЖ-ға сәйкес келмейтін бір күндік фирмалардың, жалған кәсіпорындар мен субъектілердің субсидия алуын болдырмау мақсатында енгізілді.

Бұдан басқа, субсидиялаудың ашықтығын арттыру және бюджет қаражатын мақсатсыз пайдалануды болғызбау мақсатында субсидиялау тетігін іске асыру бөлігінде қаржы институттары мен қарыз алушыларға қойылатын талаптар күшейтілді. Қағидалардың жаңа редакциясына сәйкес, қаржы институты қарыз алушының (көрсетілетін қызметті алушының) қарыз шартының талаптарын сақтауын, оның ішінде кредит беруге арналған қарыз шарты бойынша қаражатты толық игеру және нысаналы пайдалану бойынша тексеруді қамтамасыз етеді, ал қарыз алушы қаржы институтына кредиттік қаражатты нысаналы пайдалану туралы тиісті ақпаратты ұсынады.

Сондай-ақ Қағидалардың жаңа редакциясында 2022 жылы ҚР Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесі ұлғайғанға дейін қарыз шарттарын жасасқан АӨК субъектілерін субсидиялауға қол жеткізуді қамтамасыз етуге бағытталған нормалар көзделген, бұған қоса базалық мөлшерлемені ескере отырып, субсидиялау тетігі сақталған. Бұл түзетулер субсидиялауға, оның ішінде «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасына қатысушы фермерлерге қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Тағы бір маңызды өзгеріс қайта қаржыландырылатын қарыздардың сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау бағдарламасына қатысу үшін мүмкіндікті қосу болып табылады, бұл фермерлерге кредит берудің неғұрлым тартымды шарттары бар бір қаржы институтынан екіншісіне – қаржыландырудың неғұрлым икемді шарттарымен ауысу мүмкіндігін береді, бұл ретте сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау түріндегі мемлекеттік қолдауға қолжетімділік сақталады.

Сондай-ақ, Қағидалардың жаңа редакциясы күшіне енген кезде субсидиялауға қол жеткізуді субсидиялау бағдарламасына қайта қатысқысы келетін, шарттары қайта қатысуға ұсыныс берілгенге дейін 4 жылдан астам және одан да көп уақыт қолданылатын АӨК субъектілері алады. Бұл қиын қаржылық жағдайға байланысты субсидиялау бағдарламасынан шығарылған фермерлерге қарыз шартын жасасу күніне қарамастан бағдарламаға қатысуын қалпына келтіруге мүмкіндік береді.

Айта кетейік, Қағидаларда ауыл шаруашылығы кооперативінің мүшелерінен осы мүшелер тұратын ауыл шаруашылығы кооперативіне борышты аудару себебі бойынша қарыз шартына тиісті өзгерістер енгізілген жағдайда, ауыл шаруашылығы кооперативінің қарыз шарттары бойынша борышты өз мүшелеріне ауыстыру кезінде, ауыл шаруашылығы кооперативінің қарыз шарттары бойынша борышты ауыл шаруашылығы кооперативінің басқа мүшесіне беру кезінде, сондай-ақ  дара кәсіпкер ретінде қызметтің басталғаны туралы хабарламада көрсетілген деректер өзгерген кезде субсидиялау шартының деректемелерін өзгерту мүмкіндігі көзделген.

 Мұның барлығы фермерлердің кредиттік қаражатқа қолжетімділігін арттыруға, кредиттік жүктемені азайтуға және бюджет қаражатының мақсатты пайдаланылуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

  • 25.03.2023
  • 254
Сапаров А.C.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі

Сапаров А.C.
(Мұрағат)

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика