• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Саясат Нұрбек
Саясат Нұрбек

ҚР Ғылым және жоғары білім министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
ҚР ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРЛІГІ МЕН ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ ЗАМАНАУИ ПЕДАГОГТЕРДІ ДАЯРЛАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ВЕДОМСТВОАРАЛЫҚ КЕҢЕС ҚҰРДЫ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев VIII сайланған ҚР Парламентінің бірінші сессиясының ашылуында мұғалімдер даярлау ісін арттыру үшін пәрменді шаралар қабылдап, білім беру жүйесіндегі менеджментті жақсартуға басымдық беруді тапсырды. Оқу-ағарту министрлігі мен Ғылым және жоғары білім министрлігі осы бағытта кешенді жұмыс бастады. Кеше облыстық білім басқармалары басшыларының, педагогикалық ЖОО ректорларының және ведомстволық бағынысты ұйымдар басшыларының қатысуымен екі ведомствоның бірлескен кеңесі өтті. Іс-шараға жүзден астам қатысушы педагог кадрларды сапалы даярлаудың өзекті мәселелерін, негізгі басымдықтар мен оларды шешу жолдарын талқылады.

Оқу-ағарту министрінің міндетін атқарушы Ғани Бейсембаевтың айтуынша, кадр сапасы мен педагог мәртебесін арттыру бойынша кешенді жұмыстар жалғасуда. Соңғы төрт жылда мұғалімдердің жалақысы екі есе өсті.

«Министрліктің басым міндеттерінің бірі білім беру ұйымдарын жоғары білікті кадрлармен қамтамасыз ету және білім беру жүйесіндегі менеджментті жақсарту. Мықты басшыларды іріктеу және даярлау бағдарламасы әзірленуде. Толыққанды зерттей отырып, жоғары білікті педагогтер базасын және мектеп директорларының кадрлық резервін құру жөніндегі қағидаларды әзірлеу қажет. Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау мақсатында қазір педагогикалық жоғары оқу орындарының Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясымен және Білім басқармаларымен өзара іс-қимылын күшейту өте маңызды», – деді Ғани Бейсембаев.

 

Кеңесте Ғылым және жоғары білім министрінің міндетін атқарушы Саясат Нұрбек сөз алып,  педагогикалық білім беруді дамыту бойынша атқарылып жатқан іс-шаралар туралы айтты.

«Мемлекет басшысы білім беру саласына өзгерістер енгізетін 1 мың көшбасшы дайындауды тапсырды. Осы тапсырманы орындау үшін министрлік жаңа формациядағы мектептердің топ-менеджерлерін даярлауды жоспарлап отыр. Ол үшін еліміздегі үздік жоғары оқу орындарының базасында жетекші мектептерді тарта отырып, магистратураның арнайы бағдарламалары іске асырылатын болады. Педагогикалық білім беруді аккредиттеу «Педагог» кәсіби стандартына негізделетін болады. «Педагог құзыреттілігінің шеңберін» қабылдау мақсатында министрлік «ЖОО оқытушысы» кәсіби стандартының жобасын әзірледі. Айта кету керек, бұл стандарт жоғары оқу орындарының академиялық еркіндігін ескере отырып негіздемелік сипатта жүзеге асады. Сондай-ақ «Жайлы мектеп» жобасы аясында мұғалімдерді даярлау мақсатында жыл сайын педагогикалық бағыттарға 7 мың грант бөлу жоспарлануда. Оқу-ағарту министрлігімен бірлесіп педагогтерге арналған біліктілік тесті әзірленеді», – деді Саясат Нұрбек.

 

Талқылауға Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің, Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институтының, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ректорлары және А. Байтұрсынұлы атындағы «Талдау» ұлттық зерттеулер және білімді бағалау орталығы  мен  Ы. Алтынсарин атындағы ұлттық білім академиясының басшылары, білім басқармаларының басшылары қатысты. Атап айтқанда, бірлескен ынтымақтастық, жас мұғалімдерді даярлау және олардың құзыреттілігін арттыру мәселелері көтерілді.

Басқосу қорытындысы бойынша заманауи сапалы педагогтерді даярлау мәселелері жөнінде ведомствоаралық кеңесі құру туралы шешім қабылданды. Кеңес кадрлардың сапасын арттыру және білім беру ұйымдарын жоғары білікті мамандармен қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты жалғастыратын болады.

 

  • 30.03.2023
  • 239
Саясат Нұрбек

ҚР Ғылым және жоғары білім министрі

Саясат Нұрбек
(Мұрағат)

ҚР Ғылым және жоғары білім министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика