• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Әбілқасымова М.Е.
Әбілқасымова М.Е.

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Банк секторы мәселелері бойынша тоқсан сайынғы кездесу

Қаржы реттеушісінің нарықпен тұрақты кездесулері шеңберінде
2023 жылғы 14 наурызда екінші деңгейдегі банктердің басшыларымен және Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының өкілдерімен кездесу өткізілді.

Кездесу барысында банк секторын қадағалау саясатының 2023 жылға арналған негізгі басымдықтары талқыланды, оларды айқындау тәуекелге бағдарланған қадағалау процесін жүйелеу үшін де, реттеуші қызметінің ашықтығын арттыру үшін де маңызды. Кездесу барысында банк қоғамдастығының AQR әдіснамасына түзетулерге қатысты ұсыныстары да қаралды.

2022 жылды қорытындылай келе, геосаяси тұрақсыздық пен макроэкономикалық өзгерістер аясында банк секторы бірнеше рет күйзеліске ұшырағанына қарамастан, банк секторы орнықтылығын сақтап, барлық негізгі көрсеткіш бойынша өсуді көрсетті.

2022 жылы банк активтерінің өсуі 18,4%-ды құрап, 44,6 трлн теңгеге жетті. Экономиканы кредиттеу бір жыл ішінде 23,3%-ға 22,8 трлн теңгеге дейін ұлғайды. 2023 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша банк активтерінің ІЖӨ-ге қатысты үлесі 46,2%-ды құрады. Бір жылда 21,5%-ға 31,6 трлн теңгеге дейін ұлғайған клиенттердің салымдары банктерді қорландырудың негізгі көзі болып қала береді. Банктер бойынша ықтимал тәуекелдерді өтеуге арналған капиталдың жалпы көлемі 5,2 трлн теңгені немесе 15,3%-ды құрайды. Капиталдың жеткіліктілігінің жүйелік деңгейдегі коэффициенті 21,7%-ды құрады, бұл ең төменгі нормативтік талаптардан 2 есе артық.

Банк секторының тұрақтылығын сақтау үшін 2022 жылы банк секторында тәуекелге бағдарланған қадағалауға толыққанды көшу жүзеге асырылды, оның негізгі элементтері SREP қадағалау моделі, тұрақты AQR және қадағалап стресс-тестілеу болып табылады.

2022 жылы банктердің тәуекелдерін сапалық және сандық бағалауды қамтитын SREP әдіснамасы бойынша жүргізілген толық көлемді қадағалап бағалауының нәтижелері бойынша 7 банк «тәуекелдері төмен» санатқа, 8 банк «тәуекелдері қалыпты төмен», 5 банк «тәуекелдері қалыпты жоғары» және 1 банк «тәуекелдері жоғары» санатқа жатқызылды.

2022 жылы үлесіне банктер активтерінің 71%-ы және жиынтық несие портфелінің 72%-ы тиесілі 10 ірі банк бойынша AQR өткізілді. Алдағы уақытта Агенттік банктерге AQR барысында анықталған проблемалық мәселелер бойынша техникалық-әдістемелік қолдау көрсетуді жоспарлап отыр.

2022 жылдан бастап қадағалап стресс-тестілеу (ҚСТ) жыл сайын банк жүйесінің барлық активінің кемінде 70%-ын құрайтын банктер бойынша жүргізіледі. Стресс-тестілеуге, негізінен, несие портфелінің үлесі едәуір және SREP қадағалап бағалаудың қорытындылары бойынша анықталған тәуекелдері жоғары банктер ұшырайды.

2022 жылдың қорытындысы бойынша ҚСТ нәтижелері ағымдағы жылғы наурыздың соңында шығарылады деп жоспарланған.

Агенттік басқа мемлекеттік органдармен бірлесіп уақтылы қабылдаған ішкі және сыртқы күйзелістердің әсерін реттеу шаралары банк секторының тұрақтылығын қамтамасыз етуге және банктерді жаңа жағдайларға бейімдеуге мүмкіндік берді. Атап айтқанда, Ресейдің еншілес банктерінің жұмысы тұрақтандырылды, олардың жыл басындағы үлесі банк секторы жиынтық активтерінің шамамен 15%-ын құрады. Қабылданған шаралардың нәтижесінде екі банкті жаңа инвесторлар сатып алды. Агенттік тарапынан АҚШ қаржы билігінен лицензия алуға қолдау көрсетілді.

Стрестік активтерді сатудың нарықтық тетіктерін құру үшін 2022 жылғы 4 шілдеде Мемлекет басшысы Стрестік активтер нарығын дамыту жөніндегі заңға қол қойды. Бұдан басқа, өткен жылы қабылданған заңнамалық түзетулер Агенттіктің қадағалау процесінде уәжді пайымдауды қолдану аясын кеңейтті.

Ағымдағы жылы өткен жылғы қызмет нәтижелерін ескере отырып, Агенттіктің қадағалау ресурстары мынадай негізгі бағыттарға қолданылатын болады:

  •  

- тұрақты AQR және қадағалап стресс-тестілеудің кезекті процестерін іске асыру;

- реттеуді шоғырландырылған деңгейде күшейту.

Заңнамалық бастамалар ретінде 2023 жылы SREP-ті одан әрі жетілдіру, банктер капиталына жеке қадағалау үстемесін енгізу, банк қызметін лицензиялау рәсімдерін оңтайландыру, стрестік активтерді сатып алу-сату үшін цифрлық платформаларға қойылатын талаптарды әзірлеу және банктердің стратегиялары мен бизнес-модельдеріне ESG қағидаттарын  кезең-кезеңімен енгізу жөніндегі жұмыс жалғастырылатын болады.

 

  • 03.04.2023
  • 198
Әбілқасымова М.Е.

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы

Әбілқасымова М.Е.
(Мұрағат)

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика