• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Шаққалиев А.А.
Шаққалиев А.А.

ҚР Сауда және интеграция министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Қазақстанда үш апта қатарынан әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасының төмендеуі тіркелді

Елімізде үш аптадан бері 6 түрлі өнімге, яғни қарақұмық жармасы, картоп, сәбіз, пияз, қырыққабат және қантқа бағаның төмендеуі тіркеліп отыр. Осылайша, мемлекеттің тұрақтандыру қорлары мен өңірлердің жасақталған қорларынан көкөністерді брондаудан шығару жөніндегі шаралары үстіміздегі маусымаралық кезеңде оң нәтижесін беруде.

Бүгін Премьер-Министрдің орынбасары – сауда және интеграция министрінің міндетін атқарушы Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен кеңесте әлеуметтік маңызы бар азық-түлікке арналған апталық баға жағдайының қорытындылары мен бағаны тұрақтандыру шаралары талқыланды.

«Осы аптада қарақұмық жармасының бағасы – 1,3%-ға, қант – 0,8%-ға, пияз – 0,3%-ға және картоп – 0,7%-ға төмендеді. Сондай-ақ жалпы үш өңірде, яғни Алматы қаласы, Шығыс Қазақстан, Алматы облыстарында күнбағыс майының бағасы 1,1%-ға төмендеді», — деп атап өтті ҚР СИМ Сауда комитеті төрағасының міндетін атқарушы Айдар Әбілдабеков.

Сонымен қатар Майлы дақылдарды қайта өңдеушілер қауымдастығының мәліметтері бойынша 2022 жылдың қазан-қараша айларымен салыстырғанда күнбағыс күнжарасының бағасы 30%-ға, ал күнбағыс майының бағасы өткен жылдың қарашасымен салыстырғанда 19%-ға дейін төмендеген. Қазір отандық май зауыттарында өндірілетін тазартылған күнбағыс майының сату бағасы литріне 630-680 теңге аралығында.

Маңғыстау облысында бағаның төмендеу үрдісі жалғасуда. Сонымен қатар осы аптада Батыс Қазақстан облысында оң баға тренді тіркелді: -0,1%. Мұнда пияздың (-2,9%) және қанттың (-3,8%) бағасы айтарлықтай төмендеді. СҚО-да баға тұрақтанды.

Делдалдық схемаларды анықтау жөніндегі өңірлік комиссиялардың жұмысы өз нәтижесін көрсетуде.

«Cауда комитеті электронды шот-фактураларды талдау нәтижесінде “Шымкент” ӘКК-нен жеңілдікпен займ алған екі жеке кәсіпкердің делдалдық схемасын анықтады. Қосымша делдалдық жасау арқылы олар бір-біріне жоғары бағамен өнім сатқан. Нәтижесінде, өнім тұтынушыға айтарлықтай қымбат бағамен жеткізілген. Пысықтау үшін барлық материалдар аумақтық департаменттерге берілді», — деп атап өтті Айдар Әбілдабеков.

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Әбілқайыр Тамабек өңірлердегі қалыптасқан қорлардан көкөністерді брондаудан шығару нәтижелері мен қорлардың көлемі жайлы мәлімдеді. Сәуір айының соңына дейін 29,9 мың тонна   картопқа қажеттілік туса, 18 өңірде бұл көкөніс түрімен қамтамасыз ету көлемі 90%-дан жоғары, қалған екі өңірде – 69%-ды құрады.  Сәбізге сұраныс биылғы сәуір айының соңына дейін – 6,8 мың тонна болса, Қарағанды облысын (69%) қоспағанда, қормен қамтамасыз ету 100%-дан жоғары. Екі облыс (Жамбыл және Қызылорда) қырыққабатпен 50%-дан төмен, ал қалған барлық өңір одан жоғары деңгейде қамтамасыз етілді.  Барлық облыстардағы пияз қоры 50%-дан асады.

«Біз тауарлық интервенциялар жұмысының нәтижесін көріп отырмыз және бұл жұмысты ерте шығатын көкөніс түрлері келіп түскенше жалғастыруымыз керек. Сонымен қатар азық-түлік тауарларын форвардтық сатып алуды қаржыландыруды 70%-ға дейін ұлғайта отырып, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру тетіктерін іске асырудың үлгілік қағидаларын қайта қарап, айналым схемалары бойынша 30%-ға дейін төмендету қажет.  Осылайша, форвардтық сатып алулардың арқасында бізде нарықтағы бағаның тұрақтануына әсер етуге мүмкіндік беретін өнім қорының кепілдендірілген көлемі болады», —  деді Серік Жұманғарин.

  • 04.04.2023
  • 200
Шаққалиев А.А.

ҚР Сауда және интеграция министрі

Шаққалиев А.А.
(Мұрағат)

ҚР Сауда және интеграция министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика