• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Аринов Ч.С.
Аринов Ч.С.

ҚР Төтенше жағдайлар министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Мәжілістің жалпы отырысында апаттар мен төтенше жағдайлар қаупін азайту мәселелері қаралды

Бүгін Мәжілісте палата спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен Палатаның жалпы отырысы өтті.

Депутаттардың қарауына екі ратификациялық заң жобасы ұсынылады. Олардың бірі Қазақстан Үкіметі мен Төтенше жағдайлар және дүлей зілзалалардың қауіп-қатерін азайту жөніндегі орталық арасындағы ел аумағында оның болу шарттары туралы келісімді ратификациялау туралы заң жобасы.

Аталған келісімге 2022 жылғы 17 маусымда Нұр-Сұлтан қаласында қол қойды.

Келісім 2014 жылғы 14 сәуірдегі № 191-V Қазақстан Республикасының Заңымен ратификацияланған 2013 жылғы 17 мамырдағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы Төтенше жағдайлар және дүлей зілзалалардың қауіп-қатерін азайту жөніндегі орталықты құру туралы келісімнің 6-бабын жүзеге асыру үшін жасалды. Көрсетілген Келісімнің 6-бабында Орталықтың болу шарттары Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Орталық арасындағы жеке халықаралық шартпен айқындалатыны белгіленеді.

Қазақстан Республикасының аумағында Төтенше жағдайлар және дүлей зілзалалардың қауіп-қатерін азайту жөніндегі орталық халықаралық ұйым ретінде өзінің мақсаттары мен міндеттерін орындау үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз ету Келісімде көзделеді.

Төтенше жағдайлар және дүлей зілзалалардың қауіп-қатерін азайту жөніндегі орталық өз қызметін 2016 жылдан бастады.

2016 жылдан бастап Орталық өңір мемлекеттерінің төтенше ведомстволарымен, халықаралық және үкіметтік емес ұйымдармен бірлесіп зілзалалар мен төтенше жағдайлардың қаупін азайту саласында, оның ішінде атқарушы агенттік ретінде 30-дан астам бағдарламалар мен жобаларды іске асырды және іске асыруды жалғастыруда. 11 жоба Қазақстан Республикасының дамуына тікелей үлес қосады.

Орталық алаңында Қазақстанның, шет мемлекеттердің, БҰҰ және басқа да халықаралық ұйымдардың тәжірибелі сарапшыларын тарта отырып, 163 халықаралық іс-шаралар, семинарлар мен тренингтер өткізілді.

Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының бір жарым мыңнан астам өкілі зілзалалар қаупін азайту мен төтенше жағдайлар саласында әлемдік қоғамдастық әзірлеген үздік тәжірибелерге оқытылды.

Бүгінгі күні Орталық серіктестермен бірлесіп, зілзалалар қаупін азайту мен төтенше жағдайлар саласында 60-тан астам зерттеу, талдамалық, әдістемелік әзірлемелер, оқу-әдістемелік, ақпараттық және есептік материалдарды әзірлеп, Орталықтың сайтында орналастырды.

Ынтымақтастық үшін құқықтық база құру мақсатында Орталық халықаралық, үкіметтік емес, ғылыми, білім беру және өзге де ұйымдармен 31 меморандумға қол қойды.

2018 жылы орталыққа Орталық Азия елдерінің төтенше ведомстволары басшыларының аймақтық форумы – Кеңесі Хатшылығы мәртебесі берілді. Жалпы өңірлік форумның 5 отырысы және жұмыс тобының (сарапшылардың) 6 отырысы өткізілді.

Орталық Азия елдерінің төтенше ведомстволары басшыларының өңірлік форум-кеңесінің қорытындысы бойынша өңір үшін бірқатар стратегиялық құжаттар мақұлданды, мысалы, 2022-2030 жылдарға арналған апаттар қаупін азайту саласындағы Орталық Азия елдерінің ынтымақтастығын дамыту стратегиясы және оны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары, Орталық Азия елдерінің апаттар қаупінің өңірлік сипаттамасы (бейіні), өңірлік төтенше жағдайларға және басқаларға ден қою.

Бұл алаң төтенше жағдайларға тиімді және уақтылы ден қою үшін өңірлік ынтымақтастықты, орнықтылық пен дайындықты нығайтуға бағытталған бірлескен күш-жігерді үйлестірудің тиімді механизмі болып табылады.

2017 жылы орталыққа Орталық Азия және Оңтүстік Кавказ өңірінде 2015-2030 жылдарға арналған апаттар қаупін азайту жөніндегі Сендай негіздемелік бағдарламасын іске асыру мониторингі жөніндегі Өңірлік ресурстық орталық мәртебесі берілді.

Бұдан басқа, орталық қызметінің басым бағыттарының бірі орталыққа қатысушы мемлекеттердің құрамын кеңейту жөніндегі жұмыс болып табылады. Орталық қатысушыларының құрамын кеңейтуге Қазақстанның шетелдегі дипломатиялық өкілдіктері арқылы Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі де көмек көрсетеді.

Бүгінгі күні орталық базасында халықаралық гуманитарлық және техникалық көмекті үйлестіру үшін Орталық Азия елдеріндегі төтенше жағдайларға ден қою жөніндегі өңірлік үйлестіру хабын құрудың өзектілігі атап өтілді.

 

  • 05.04.2023
  • 188
Аринов Ч.С.

ҚР Төтенше жағдайлар министрі

Аринов Ч.С.
(Мұрағат)

ҚР Төтенше жағдайлар министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика