- Блогтар
- Элиманов Ж. Қ.
Элиманов Ж. Қ.
ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы
2023 жылғы 11 сәуірде ҚР Қаржы мониторинг агенттігінде Біріккен Ұлттар Ұйымы Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасының (ЕҚБ) Өңірлік өкілі Ашита Миттал бастаған делегациясының сапары өтті
Сапар барысында Миттал ханым ағымдағы өзара іс-қимылдың өзекті мәселелерін, 2022 жылғы нәтижелерді, сондай-ақ Қазақстан мен БҰҰ ЕҚБ арасындағы АЖ/ТҚҚ саласындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайту перспективаларын ұсынды.
Төрағаның бірінші орынбасары Ғ.Садырбеков Агенттік атынан БҰҰ ЕҚБ өкілдері мен халықаралық сарапшыларына өзара бағалауға дайындық аясындағы ынтымақтастықты қоса алғанда, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шеңберінде жүргізілетін көп жылдық бірлескен жұмыс пен іс-шараларды үйлестіргені үшін ризашылығын білдірді.
Екі тараптың өкілдері жүргізіліп жатқан жұмысты жалғастыру және БҰҰ ЕҚБ мен Қазақстанның мемлекеттік органдары арасындағы тұрақты диалогты дамытуға жәрдемдесу ниетін растады.
- 11.04.2023
- 181