• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Аринов Ч.С.
Аринов Ч.С.

ҚР Төтенше жағдайлар министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Үкіметте алдағы жылыту маусымына дайындық мәселесі талқыланды

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен кеңесте алдағы жылыту маусымына дайындық мәселесі талқыланды.

Отырыс барысында ТЖ министрі Юрий Ильин министрліктің құзыреті бойынша алдағы жылыту маусымына дайындық жөнінде атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады.

Төтенше жағдайлар министрлігі жылыту маусымы кезеңінде өз қажеттіліктерін де, әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін де, халықты (жақын маңдағы аудандарды) бір уақытта жылу және электр энергиясымен қамтамасыз ететін кәсіпорындарда қауіпті техникалық құрылғылардың қауіпсіз пайдаланылуына мемлекеттік қадағалауды жүзеге асырады.

Қазіргі уақытта Ақтөбе, Павлодар, Қарағанды және Маңғыстау облыстарында орналасқан 7 өнеркәсіптік кәсіпорын ТЖМ-ның бақылауында.

Ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығына арналған  профилактикалық бақылау және қадағалау жүргізу кестесіне сәйкес «Алюминий Қазақстан» АҚ ЖЭО-1 және «Арселор-Миттал Теміртау» АҚ ЖЭО-да тексеру жүргізіледі. Мамыр айында «Ақсу ферроқорытпа зауыты – «Қазхром» ТҰК АҚ филиалында тексеру жоспарлануда. Екінші жартыжылдыққа «Nova Цинк» ЖШС (Ақжал кенті), Хромтау қаласындағы «Қазхром ТҰК» АҚ Донской ГОКе –филиалында, «Екібастұз ЭГРЭС-2 станциясы» АҚ-да тексеру жоспарланған.

Юрий Ильин Риддер және Екібастұз қалаларында жақында болған төтенше жағдайлар авариялардың басым бөлігі негізгі және қосалқы жабдықтарды жөндеуді және жаңғыртуды ұзақ мерзімді жоспарлаудың болмауынан, олардың уақтылы техникалық тексерілмеуінен және оларды толық ауыстырудың орнына қыздыру беттерін ішінара ауыстырудан туындайтынын көрсеткенін атап өтті (жұмыстар авариялық ажырату фактісі бойынша жүргізілуде).

Қазандық пен қосалқы жабдықтардың тозуы, ең жоғары жүктемелерді көтеретін (қалалар мен елді мекендердің жылу энергиясына қажеттілігінің артуына байланысты) жылу энергетикасы объектілерінің тұрақты жұмысын қамтамасыз ететін қуаттар резервінің болмауы, энергия кәсіпорындары басшылығы тарапынан тиісті өндірістік бақылау және жөндеу жұмыстарына тартылатын мердігер ұйымдар персоналының біліктілігінің төмен деңгейі себебінен олардың шектеулі мүмкіндіктері алаңдаушылық туғызады.

Сонымен қатар, қазандықтар жобалық емес отынмен жұмыс істейді, қазандықтардың элементтерін техникалық диагностикалауға, жөндеуге және ауыстыруға қаражат жеткіліксіз бөлінеді.

Жылыту кезеңдерінің тұрақты өтуі үшін әкімдіктер қауіптілігі жоғары дәрежедегі энергетикалық кәсіпорындар мен жылумен жабдықтаудың магистральдық құбырларын ерекше бақылауға алуы, авариялық жағдайларға жедел ден қоюы, коммуналдық желілердің жай-күйіне байланысты тұтынушыларға жылу энергиясын беруді тоқтату себептерін болдырмау бойынша энергетикалық кәсіпорындармен жұмысты жалғастыруы қажет.

Министр әкімдіктер мен энергетикалық кәсіпорындар басшыларының назарын өндірістік ғимараттарды, шатыр элементтері мен түтін құбырларын жел жүктемелерінің әсеріне және оларды жөндеуге сенімділік, тұрақтылық тұрғысынан тексеру жұмыстарын жүргізу қажеттілігіне жеке аударды.

Жылыту кезеңінде азаматтардың газ жабдықтарын пайдалану ережелерін сақтауы ерекше назар аударуды талап етеді.

Азаматтық қорғау саласындағы салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орган ретінде біз әкімдіктер жанындағы газ және газбен жабдықтау саласындағы тұрғын үй инспекцияларының жұмысына талдау жасадық. Жүргізілген талдау тұрғын үй инспекцияларының газ және газбен жабдықтау саласындағы бақылау бойынша өздеріне жүктелген функцияларды тиісті деңгейде іске асырмайтынын көрсетті. Мысалы, Бас прокуратураның сайтында орналастырылған ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығына арналған профилактикалық бақылау және қадағалау кестесінде тұрғын үй инспекцияларын тексеру жоқ.

Өткен жылы да осындай жағдай орын алды. 2022 жылы тұрғын үй инспекциялары жүргізген 29 тексерудің тек біреуі ғана жоспарлы, қалғандары өтініш берушілердің өтініштері бойынша жүргізілді.

Сонымен қатар, төтенше жағдайлардың туындау қаупін барынша азайту үшін ТЖМ басшысы барлық мүдделі мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың қолданыстағы заңнама шеңберінде оларға жүктелген өкілеттіктерді орындауы қажет екендігін атап өтті.

Кеңес қорытындысы бойынша уәкілетті мемлекеттік органдарға бірқатар тиісті тапсырма берілді.

  • 12.04.2023
  • 225
Аринов Ч.С.

ҚР Төтенше жағдайлар министрі

Аринов Ч.С.
(Мұрағат)

ҚР Төтенше жағдайлар министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика