- Блогтар
- Элиманов Ж. Қ.
Элиманов Ж. Қ.
ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы
Елордада, Maqsut Narikbayev University (КазГЮУ) қабырғасында оқушылар арасындағы қаржылық қауіпсіздік бойынша І Республикалық олимпиаданың финалдық кезеңінің қорытындысы шығарылды
Марапаттау рәсіміне Астана қаласы бойынша ЭТД басшысы Қайрат Бижанов, ҚМА Кадр жұмысы департаментінің басшысы Нұрлан Адалиев, сондай-ақ Оқу-ағарту министрлігінің және "Дарын" республикалық ғылыми-практикалық орталығының өкілдері қатысты. Астанаға еліміздің барлық өңірлерінен жиналған жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталды. Естеріңізге сала кетейік, іс-шара 2022-2026 жылдарға арналған Қаржылық мониторингті дамыту тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде өткізіледі және қаржы саласындағы қылмыстардың алдын алу бойынша Агенттіктің ауқымды жұмысының жалғасы болып табылады. Алдағы уақытта бұл Олимпиада республикалық олимпиадалар тізбесіне енгізіле отырып, еліміздің барлық өңірлерінде тұрақты негізде өткізілетін болады.
- 14.04.2023
- 164