• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Сатыбалды Д. А.
Сатыбалды Д. А.

Түркістан облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Түркістан: «Аrtsport» бағдарламасының қаржысын тиімсіз жұмсаған 100-ге жуық кәсіпкерге шара көрілді

 

Түркістан облысында оқушыларды шығармашылық және спорт үйірмелермен қамту жұмысы қоғам  тарапынан оң бағаланып отыр. Өңірде әлеуметтік жағдайы төмен, көпбалалы отбасылардың балалары үйрімелермен қамтылып, шығармашылықтарын шыңдайды. Биыл Түркістан өңірінде бұл бағытқа 4,6 млрд. теңге қаралып, 30 мыңдай оқушыны өнер және спорт үйірмелерімен қамту көзделуде.

Облыста былтыр бағдарламаны жүзеге асыруда кемшілік пен алаяқтыққа жол берген 100-ге жуық кәсіпкерге шара көрілді. Өнер және спорт үйрімелері бойынша өз мақсатында жұмсалмаған 28 млн. теңге бюджетке қайтарылған.

Мониторинг және бақылау жұмыстарының күшейтілуі нәтижесінде 26 кәсіпкер өз жұмыстарын тоқтатқан. Атқарылған жұмыстар мен аппарат мәжілісінде баяндалды. Кемшіліктер де ашық айтылды.  Жауаптыларға мемлекеттің қаражатын балалар үшін тиімді жұмсауды тапсырды.

Аудан, қалалардағы ашылған үйірмелер өтетін ғимараттар заман талабына сай ретке келтірілуі тиіс.  Балалардың үйрімеге келгенін дәлелдейтін бейнебақылау, бәлкім бейнетіркеу жүйесін қолдану жолдары да қарастырылуы қажет. Кейбір аудандарда бұл бағытта жұмыс нашар. Облысымыздың барлық аймағында оқушыларға жағдай жасалуы тиіс. Екіншіден, спорттық үйрімелер өтетін залдарда толық жабдықталсын. Барлық ғимараттар санитарлық-гигиеналық талапқа сай болуы шарт. Балаларымыз таза әрі талапқа сай ғимараттарда жаттығуы қажет. Мәдениет пен спорт саласындағы өзекті мәселелер қадағалауда болады.

Жалпы, 2022 жылы спорт саласы бойынша 23 982 балаға арналған  982377,0 мың теңге игерілді. Облыста 2023 жылға мемлекеттік спорттық тапсырысты іске асыруға  2,4 млрд. теңге бөлу бастамасы қолдау тауып, қаржы көлемі артып отыр. Бұл 20 спорт түрі бойынша 14500 оқушыны қамтуға жетеді.

Мемлекеттік шығармашылық тапсырыс бойынша 2022 жылы 484,2 млн. теңге қаржы бөлініп, бірінші жартыжылдықта толық игерілген. Былтыр 34 кәсіпкердің ұйымдастыруымен 145 шығармашылық үйірме ашылып, 7487 бала 43 шығармашылық үйірме түрімен шұғылдануға мүмкіндік алды. Биыл 15270 бала шығармашылық үйірмеге қатысады деп жоспарланып отыр. Мемлекеттік шығармашылық тапсырысты жүзеге асыру мақсатында облыстық бюджеттен 2,2 млрд. теңге қаржы бөлінді.

  • 17.04.2023
  • 185
Сатыбалды Д. А.

Түркістан облысының әкімі

Сатыбалды Д. А.
(Мұрағат)

Түркістан облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика