• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Орақов К.Н.
Орақов К.Н.

Басқарма төрағасы – «МАЭК» ЖШС Бас директоры

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Жабдықтарды жаңғырту мәселесі басты назарда

Маңғыстау облыстық Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы Әбдеш Түркменбаевтың төрағалығымен «МАЭК» ЖШС энергетикалық кешенін жаңғырту  жөніндегі жұмыс тобының кезекті отырысы болып өтті. Жиынға жұмыс тобының мүшелері - облыстағы қоғамдық ұйымдар жетекшілері мен азаматтық белсенділер, комбинаттың құрылымдық бөлімшелерінің басшылары мен мамандары қатысты. Кәсіпорынның бас директоры Жасұлан Сүйіншәлиев қатысушыларды жоспарланған іс-шаралар және кәсіпорынды жаңғырту бойынша атқарылған жұмыстар барысымен таныстырды.

Кәсіпорынның өндірістік әлеуетін арттыру бағытындағы жоспарда   кезек күттірмейтін, жедел іске қосылуды қажет ететін жобалар да бар. Әсіресе, өңірдің қарқынды дамуы мен қалада жаңа шағын аудандардың көбеюі, соған орай  тұтынушылар санының да артуы  халықты ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесін бірінші кезекке шығарды.

Қазіргі уақытта Маңғыстау облысының әкімдігі өнімділігі тәулігіне 24000 м3 тұшыту қондырғыларын салу бойынша мердігерлік ұйымды айқындау рәсімін жүргізуде. Сондай-ақ, ауыз су тапшылығын азайту үшін ЦУВС-2-де өнімділігі тәулігіне 5000 м3 дейінгі кері осмосты су тұшыту қондырғысын орнату жоспарлануда. Каспий теңізіндегі судың деңгейінің төмендеуіне байланысты соңғы жылдары МАЭК-тің су жинау каналдарындағы су деңгейі де төмендеді. Қазірде  кәсіпорын мамандары  арналардағы су деңгейін тез арада қалпына келтірудің тиімді нұсқаларын қарастыруда. Мамандар комбинатты  жаңғырту бағдарламасы аясында  осы және басқа да жұмыстарды белсенді жүргізуде.

Жиын соңында қатысушылар комбинаттың бас директорына сұрақтар қойып, тұшымды жауаптар алды. Кәсіпорынды жаңғырту жоспарының орындалысы туралы ақпараттарды әлеуметтік желілерде, баспасөзде жариялап тұру туралы ұсыныс білдірді.

Еске сала кетейік, өткен жылы Маңғыстау облысының жұртшылығымен кездесуі кезінде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өңірді дамытудың жеті бағытын атап көрсеткен еді. Облысты трансформациялау басымдықтарының бірі Маңғыстау облысының сумен жабдықтау жүйесін және инженерлік инфрақұрылымын жаңғырту, Ақтау және Жаңаөзен қалаларын дамыту болуы тиіс.

Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде «МАЭК» ЖШС-гін  жаңғыртуға ерекше назар аудару керектігін атап өткен болатын.

  • 19.04.2023
  • 203
Орақов К.Н.

Басқарма төрағасы – «МАЭК» ЖШС Бас директоры

Орақов К.Н.

Басқарма төрағасы – «МАЭК» ЖШС Бас директоры

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика