• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Орақов К.Н.
Орақов К.Н.

Басқарма төрағасы – «МАЭК» ЖШС Бас директоры

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
ТМД мамандары ядролық қауіпсіздік мәселесін талқылады

Ақтауда ТМД құрамындағы мемлекеттердің базалық ұйымының пайдаланылған ядролық отынмен (ПЯО), радиоактивті қалдықтармен (РАҚ) жұмыс істеу және ядролық және радиациялық қауіпті объектілерді пайдаланудан шығару (ЯРҚО ПШ) мәселелері бойынша техникалық шешімдер мен технологияларды дамыту жөніндегі сараптамалық тобының отырысы өтті.

Кездесуді 2021 жылдан бастап ТМД-ның базалық ұйымы болып табылатын Росатомның «ТВЭЛ»  компаниясы ұйымдастырды.

Кеңеске Қазақстан, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Ресей және Өзбекстаннан 70-тен астам сарапшы қатысты.

Сараптамалық топтың отырысында талқыланған негізгі мәселе  ТМД елдерінде ядролық және радиациялық қауіпті объектілерді пайдаланудан шығару, радиоактивті қалдықтармен, пайдаланылған ядролық отынмен жұмыс істеу бойынша қолданылатын және әзірленетін шешімдер мен технологияларды талқылау, сондай-ақ базалық ұйымға қатысушы ұйымдардың технологиялық паркін дамыту жөніндегі бірлескен жобаларды іске асырудың перспективалық бағыттары болды.

Кездесу аясында қатысушылар зерттеу және өнеркәсіптік уран-графит реакторларын, сондай-ақ радиоактивті қалдықтар қоймаларын пайдаланудан шығару технологияларын қарастырды.

Сарапшылар радиациялық мониторинг жүйесін ұйымдастыру, РАҚ ұзақ мерзімді сақтау, қатты және сұйық РАҚ өңдеу және өңдеу кезінде радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қалдықтарды соңғы оқшаулау жұмыстары, ТМД құрамындағы елдерде пайдаланылған радиоактивті қалдықтарды көму, тасымалдау, сақтау контейнерлік паркін пайдалану мәселелері бойынша тәжірибе алмасты.

«БН-350 РҚ пайдаланудан шығару реактор жабдықтарын, ғимараттарды, құрылғыларды ішінара және толық бөлшектеу, радиоактивті қалдықтарды көму және аумақты оңалту жұмыстары қамтылған үш кезеңге жоспарланған.  Қазір бірінші кезең – пайдаланылған ядролық отынмен жұмыс, сұйық металл жылутасығыштарымен, БН-350 реакторының сұйық және қатты радиоактивті қалдықтарымен жұмыс бойынша іс-шаралар орындалуда. Әрине, біз осы жұмыстарды атқару барысында  ТМД елдеріндегі әріптестеріміздің тәжірибесін де қарастыратын боламыз», - деп атап өтті «МАЭК» ЖШС Бас директоры Жасұлан Сүйіншәлиев.

Кездесу барысында сарапшылар үшін МАЭК-ке,  БН-350 реактор қондырғысына техникалық тур ұйымдастырылды.

ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің базалық ұйымының сараптамалық топтарының жұмысы алдағы уақытта да тұрақты негізде жүргізілетін болады.

  • 19.04.2023
  • 211
Орақов К.Н.

Басқарма төрағасы – «МАЭК» ЖШС Бас директоры

Орақов К.Н.

Басқарма төрағасы – «МАЭК» ЖШС Бас директоры

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика