• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қасымбек Ж. М.
Қасымбек Ж. М.

Астана қаласының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Қаламызға жаңа тапсырмалар мен жүктемелер артылды.

Қаламызға жаңа тапсырмалар мен жүктемелер артылды. Оларды орындау арқылы елорда тұрғындарының өмір сүру сапасы арта түседі.  Мемлекет басшысының төрағалығымен өткен елдің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөніндегі кеңесте негізгі бағыттар туралы баяндадым. Солардың кейбіріне қысқаша тоқталып өтейін.

✅Бірінші. Тіршілікті қамтамасыз ету нысандары

Биыл бірқатар маңызды инфрақұрылымдық жобалардың құрылысын аяқтап, іске қосуды жоспарлап отырмыз: ауыз су станциясы (ССС-3), ЖЭО-3, екі газ жылу станциясы. Олар қаланы қосымша көлемде сумен және жылумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Сондай-ақ сумен тұрақты қамтамасыз ету үшін Нұра жерасты су құбырының құрылысы мен Телман сорғы станциясын кеңейту бойынша жобаларды жүзеге асыруды бастаймыз, сол сияқты Сәтбаев атындағы каналдан су алуды көздейтін төртінші сорғы-сүзгі станциясын жобалауды жоспарлап отырмыз.

✅Екінші. Әлеуметтік нысандар құрылысы

Екі жылда 40 мектеп салуды жоспарлап отырмыз. Оның ішінде қазіргі күні жергілікті бюджет есебінен – 16,5 мың орынға арналған 11 мектеп, жеке инвестиция есебінен – 4 мектеп. Сондай-ақ биыл «Жайлы мектеп» жобасы бойынша 90 мың орынға арналған (екі ауысымды) 24 мектептің құрылысын бастайтын боламыз. Бұл оқушы орындары тапшылығы мәселесін толығымен шешуге мүмкіндік береді.

✔️Екі жыл ішінде мемлекеттік-жеке әріптестік қағидатына сәйкес жеке инвестициялар есебінен 30 балабақша салынады. Сондай-ақ жыл сайын жеке балабақшаларға орналастыру үшін мемлекеттік тапсырыс бөлеміз.

✔️Сапалы медициналық көмек көрсету күшін Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесе 12 жоба жүзеге асырылып жатыр: 2 перинаталды орталық пен тұрғындарға қолжетімді 8 амбулаторлық кешен, медициналық және оңалту орталықтары.

✅Үшінші. Апатты үйлерді бұзу, құрылысы ұзаққа созылған нысандарды аяқтау

Осы жылдың наурызында қалалық жаңғырту бағдарламасы 2030 жылға дейін өзектендірілді, нәтижесінде 206 апатты үйді көшіру жоспарланып отыр. Сонымен қатар биыл 6 мыңға жуық әлеуметтік пәтер салуды, құрылысы ұзаққа созылған нысандарды (30-дан астам тұрғын үй кешені) аяқтауды жоспарлап отырмыз.

Төртінші. Жұмыс орындарын ашу

Биыл бизнестің, әкімдіктің және білім беру институттарының тығыз ынтымақтастығы арқылы 60 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын ашуды жоспарлап отырмыз. Негізгі жұмыс орындары шағын және орта бизнес саласында құрылып жатыр, онда қазір елорданың экономикалық белсенді тұрғыңдарының 70% - ы еңбек етеді.

Сонымен бірге ШОБ үшін жағдай жасауды, қала экономикасына жеке инвестициялар тартуды әрі қарай да жалғастырамыз. Елордада 154 инвестициялық жоба пулы құрылды. Биыл 25 кәсіпорын іске қосылады деп күтіліп отыр.

Бесінші. Абаттандыру

Биыл бір миллионға жуық жасыл желек отырғызуды жоспарлап отырмыз, бұл қаланы жаппай көгалдандыруға; қаладағы саябақтар мен гүлзарларды қайта құруға және жөндеуге, аулалар мен қоғамдық орындарды абаттандыруға, 70-тен астам көшені жөндеуге және т.б. мүмкіндік береді.

  • 20.04.2023
  • 199
Қасымбек Ж. М.

Астана қаласының әкімі

Қасымбек Ж. М.
(Мұрағат)

Астана қаласының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика