• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Әбілқасымова М.Е.
Әбілқасымова М.Е.

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Зейнетақы аннуитеті тиімді әлеуметтік өнім ретінде

Құрметті қаржылық қызметтерді тұтынушылар!

Зейнетақы аннуитеті – бұл өмірді сақтандыру жөніндегі компаниялар ұсынатын және Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының (бұдан әрі-БЖЗҚ) салымшыларына «зейнетақыны» белгіленген мерзімнен бұрын, бірақ зейнетақы жинақтары жеткілікті болған жағдайда ала бастауға мүмкіндік беретін өнім.

Зейнетақы аннуитеті шарты салымшы 55 жасқа толғаннан кейін оны өмір бойы төлемдермен қамтамасыз ете отырып, кепілді табыс көзі болып табылады және оған шартты сатып алғаннан кейін БЖЗҚ-да қалған артық соманы тұрғын үй мен емделуге пайдалануға мүмкіндік береді.

2023 жылы 55 жастағы ер адам үшін зейнетақы аннуитетін жасасу үшін жеткіліктілік сомасы 8,0 млн теңгені, ал 53 жастағы әйел үшін 10,5 млн теңгені құрайды.

Сондай-ақ, кейінге қалдырылған, «мерзімі шегерілген» зейнетақы аннуитеті бар, оны 45 жастан бастап сатып алуға болады, бірақ ол бойынша төлемдер 55 жастан басталады. Ол үшін 45 жастағы ер адамда кем дегенде БЖЗҚ-да 7,2 млн теңге, сол жастағы әйелде 9,1 млн теңге болуы қажет.

Зейнетақы тікелей БЖЗҚ-дан алынған кезде төлемдер салымшының зейнетақы жинақтары таусылғанға дейін жүзеге асырылады. Сонымен қатар сақтандыру ұйымынан төлемдер салымшының зейнетақы жинақтары аяқталғанына немесе аяқталмағанына қарамастан өмір бойы жүзеге асырылады. Яғни, төлем мерзімі БЖЗҚ-дан сақтандыру ұйымына аударылған жинақ көлемімен шектелмейді.

Зейнетақы аннуитеті өнімдерінің желісін кеңейту мақсатында бір адамның емес, ерлі-зайыптылардың немесе жақын туыстарының зейнетақы аннуитеті шартына қатысуын көздейтін бірлескен аннуитет енгізілді. Бірлескен аннуитет жақын туыстардың зейнетақы жинақтарын біріктіруге және аннуитет шарты бойынша кірістерді қайта бөлуге мүмкіндік береді. Мысалы, егер бір жұбайында өмірді сақтандыру жөніндегі компанияда аннуитет сатып алу үшін зейнетақы жинақтары жеткіліксіз болса, ал екіншісінде артық болса, онда бірлескен зейнетақы аннуитеті арқылы екеуіне де өмір бойы төлемдер қамтамасыз етіледі.

Сақтандыру төлемдерін ұлғайту және мүгедектігі бар және зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейтін адамдардың жекелеген санаттары үшін зейнетақы аннуитетінің қолжетімділігін арттыру мақсатында Агенттік сондай-ақ мынадай түзетулер қабылдады. Мәселен, сақтандыру сыйлықақысын есептеуде пайдаланылатын жекелеген өлшемдерді қайта қарау, атап айтқанда - сақтандыру төлемдерін индекстеу мөлшерлемесінің ең төменгі мөлшерін 5%-дан 7%-ға дейін арттыру, сондай-ақ кірістілік мөлшерлемесінің ең жоғары мөлшерін 6%-дан 9%-ға дейін арттыру бөлігінде түзетулер қабылданды. Мүгедектігі бар және зиянды және қауіпті еңбек жағдайларында жұмыс істейтін адамдар үшін өлімнің жекелеген кестесін пайдалану мүмкіндігі бөлігінде түзетулер қабылданды.

Мысалы, бұл түзетулер күшіне енгеннен кейін ағымдағы жылы 55 жастағы ер адамдар үшін зейнетақы аннуитетінің құны 8,0 млн теңгеден төмендейді:

- 1-мүгедектік тобы үшін 2,4 млн теңгеге дейін;

- 2-мүгедектік тобы үшін 3,4 млн теңгеге дейін;

- 3-мүгедектік тобы үшін 4,4 млн теңгеге дейін;

- зиянды және қауіпті еңбек жағдайларында жұмыс істейтін адамдар үшін 5,3 млн теңгеге дейін.

Бұл жаңалықтар ағымдағы жылғы 25 наурыздан бастап күшіне енді және зейнетақы аннуитетін жаңа сатып алушылар үшін қолжетімді болады. Бұл ретте қолданыстағы зейнетақы аннуитеті шарттары бар сақтанушылар да шарттың талаптарын қайта қарау кезінде осы опцияны пайдалана алады.

 

 

  • 21.04.2023
  • 188
Әбілқасымова М.Е.

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы

Әбілқасымова М.Е.
(Мұрағат)

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика