• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Аринов Ч.С.
Аринов Ч.С.

ҚР Төтенше жағдайлар министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
ТЖМ делагациясы Үндістанда ТЖ алдын алу және жою мәселелерімен айналысатын ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің ведомстволары басшыларының кеңесіне қатысты

2023 жылғы 20 сәуірде Дели қаласында (Үндістан Республикасы) үнді тарапының төрағалығымен Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою мәселелерімен айналысатын ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің ведомстволары басшыларының он бірінші кеңесі өтті.

Бұл Кеңес ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласындағы ынтымақтастығы жөніндегі негізгі тетіктердің бірі болып табылады.                                                                                                 

Іс-шараға Үндістан Республикасы, Қытай Халық Республикасы, Қырғыз Республикасы, Ресей Федерациясы, Тәжікстан Республикасы, Өзбекстан Республикасы төтенше ведомстволарының басшылары мен өкілдері, сондай-ақ ШЫҰ Хатшылығының өкілдері қатысты.

Қазақстандық тараптың атынан Төтенше жағдайлар министрі Ю.В. Ильин және Халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры А.С. Григорян қатысты.

Кеңес барысында делегация басшылары өткен кезеңде ШЫҰ-ға мүше мемлекеттерде болған аса ауқымды төтенше жағдайлар және олардан алынған сабақтар туралы баяндамалар жасады, сондай-ақ ШЫҰ шеңберіндегі төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласындағы ынтымақтастықты одан әрі жалғастыру перспективалары туралы пікір алмасты.  

Кеңес қорытындысы бойынша тараптар дайындықты қамтамасыз ету, төтенше жағдайларға ден қою және табиғи және техногендік апаттар нәтижесінде туындайтын төтенше жағдайлардың салдарын бірлесіп жұмсарту саласындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайту қажеттігі туралы бірлескен шешімдер қабылдады; төтенше жағдайлардың алдын алу және жою саласындағы инновациялық тәжірибелер мен технологиялар туралы ақпарат алмасуды жүзеге асыру және ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің үкіметтері арасындағы төтенше жағдайларды жоюға көмек көрсету кезіндегі өзара іс-қимыл туралы 2023-2025 жылдарға арналған келісімді іске асыру жөніндегі бірлескен іс-шаралар жоспарын бекітті.

Іс-шара аясында Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі
Ю.В. Ильин Үндістанның ішкі істер министрі А. Шах пен Өзбекстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі А. Құлдашевпен екіжақты кездесулер өткізді, сондай-ақ өзбек тарапымен Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департаменті мен Өзбекстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Қарақалпақстан Республикасының Төтенше жағдайлар басқармасы арасындағы ведомстволық бағынысты аумақтардағы табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою мәселелері жөніндегі өзара іс-қимыл жоспарына қол қойды.

ҚР ТЖ министрі Юрий Ильин өз сөзінде ауқымды апаттар мен катаклизмдерге байланысты ықтимал сын-қатерлер мен қауіптерді болдырмау мақсатында бірлескен жұмыстың маңыздылығын атап өтті, халық қауіпсіздігінің өзекті мәселелері бойынша пікір алмасты.

Кеңес алаңында Қазақстан және Өзбекстан ТЖМ басшылары табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ қатері мен туындауы жағдайында екі елдің ведомстволарының өзара іс-қимыл алгоритмін нақтылау мақсатында шекаралас аумақтар бөлімшелерінің арасындағы өзара іс-қимыл жоспарына қол қойды.

 

  • 21.04.2023
  • 179
Аринов Ч.С.

ҚР Төтенше жағдайлар министрі

Аринов Ч.С.
(Мұрағат)

ҚР Төтенше жағдайлар министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика