• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Шаққалиев А.А.
Шаққалиев А.А.

ҚР Сауда және интеграция министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Серік Жұманғарин Мәскеуде өткен ЕЭК Кеңесінің отырысына қатысты

20-21 сәуірде Мәскеуде өткен ЕЭК Кеңесінің екі күндік отырысының қорытындысы бойынша қазақстандық жеткізушілер үшін сауда-экономикалық кедергілерді жою бағытында маңызды қадамдар жасалды. Отырыста мемлекеттік сатып алу, өзара сауда, техникалық және кедендік реттеу, өнеркәсіп, энергетика, халықаралық ынтымақтастық салаларындағы 35-тен астам мәселе қаралды. Қазақстандық делегацияны Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин басқарды.

Қазақстандық жеткізушілерге ЕАЭО елдерінің өнеркәсіптік тауарларын мемлекеттік сатып алуға, оның ішінде СТ-1 сертификатын ұсыну арқылы кедергісіз қатысуға мүмкіндік беретін бірқатар құжаттарға өзгерістер енгізілді. ЕАЭО-ға мүше мемлекеттерден тауарлардың шығу тегін айқындайтын өндірістік және технологиялық операцияларды жүргізу шарттарының тізбесі арнайы машина жасау, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен мұнай-газ машина жасау тауарларына қатысты 38 позициямен толықтырылды. Сонымен қатар мұндай шарттар қарастырылмаған 174 тауар бойынша ЕЭК кеңесінің мүшелері ТМД аумағында тауардың шығарылған елін айқындау қағидаларында көзделген тауарларды жеткілікті қайта өңдеу өлшемдерін қолдану туралы шешім қабылдады.  Бұл түзетулер ЕАЭО елдерінің мемлекеттік сатып алу шеңберінде сатып алынатын тауарларға өндірістік және технологиялық операцияларды жүргізу үшін ұлттық шарттарды қолдану тәжірибесін алып тастауға мүмкіндік береді.

Ветеринариялық бақылау саласындағы сауда кедергілерін теңестіру үшін Кеңес мүшелері 2019 жылдан бері Одақ алаңында талқыланып келе жатқан мәселе бойынша біртұтас шешімге келді. Енді қатысушылар жануарлардан алынатын азық-түлік өнімдерінде атауы жоқ ветеринариялық дәрілік заттар қалдығының құрамын тек тамақ өнімдерінің техникалық регламентіне стандарттардың бірыңғай тізбесіне енгізілген зерттеу әдістерімен ғана бақылауды ұйғарды. Бұл ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің басқа елдерде аттестатталмаған келісілмеген зерттеу әдістері арқылы сауда кедергілерін енгізу тәуекелдерін азайтуға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ Одаққа мүше елдердің бірлескен өнеркәсіптік кооперациялық жобаларын іске асыруға қаржылық көмек көрсету тәсілдері мақұлданды.  Шешім жобасында қаржылық көмек ЕАЭО бюджеті есебінен халықаралық және ұлттық қаржы ұйымдары беретін несиелер мен қарыздар бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау түрінде көрсетілетін болады. Құжат ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер басшыларының қол қоюына Жоғарғы кеңес отырысында ұсынылады.

ЕЭК Кеңесінің келесі отырысы 2023 жылғы 19 мамырда өтеді.

  • 24.04.2023
  • 189
Шаққалиев А.А.

ҚР Сауда және интеграция министрі

Шаққалиев А.А.
(Мұрағат)

ҚР Сауда және интеграция министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика