• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Жақыпова С. Қ.
Жақыпова С. Қ.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Еңбекмині, ЭТРМ және БҰҰДБ Ұлттық парктерге барған кезде мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділікті кеңейтетін мәлімдемеге қол қойды

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова Қазақстандағы БҰҰ Даму Бағдарламасының (бұдан әрі – БҰҰДБ) Тұрақты өкілі Катаржина Вавьерниямен кездесу өткізді. Тараптар 2021-2023 жылдарға арналған «Халықтың әлеуметтік осал топтары үшін әлеуметтік қорғау және белсендіру бағдарламаларының тиімділігі мен қолжетімділігін арттыру» атты бірлескен жобасы шеңберінде ағымдағы және одан әрі ынтымақтастықты талқылады. Кездесу қорытындысы бойынша Тамара Дүйсенова Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктері (бұдан әрі – Еңбекмині), Экология және табиғи ресурстар министрліктері (бұдан әрі – ЭТРМ) мен БҰҰДБ арасындағы ниеттер туралы үшжақты мәлімдемеге қол қойды, оны іске асыру Қазақстанның ұлттық парктеріне барған кездегі мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділікті кеңейтеді.

Кездесу басында Тамара Дүйсенова Вавьерниа Катаржинаны БҰҰДБ-ның Қазақстандағы Тұрақты Өкілі болып тағайындалуымен құттықтап, көпжылдық сындарлы ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті.

«Бірнеше жыл бойы БҰҰДБ-ның қатысуымен және қолдауымен министрлік кедейлік проблемаларын шешуге, мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау жүйесін жетілдіруге және арнаулы әлеуметтік қызметтерді енгізуге бағытталған 4 ірі бірлескен жобаны іске асырды.

Мемлекетіміздің әлеуметтік саясатының маңызды бағыттарының бірі мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және қорғау болып табылады. БҰҰДБ қолдауымен БҰҰ-ның Мүгедектердің құқықтары туралы Конвенциясының нормаларын ратификациялау және имплементациялау, мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі ұлттық жоспарды іске асыру, әлеуметтік қызметтер порталын әзірлеу және енгізу және басқа да көптеген бастамалар бойынша жұмыстар жүргізілді.

Осы жылдың 26 сәуірінде ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында БҰҰ-ның Мүгедектердің құқықтары туралы конвенциясына Факультативтік хаттаманы ратификациялау бойынша заң жобасы қабылданды», – деді министр.

ЕХӘҚМ басшысы сондай-ақ 2021-2023 жылдарға арналған «Халықтың әлеуметтік осал топтары үшін әлеуметтік қорғау және белсендіру бағдарламаларының тиімділігі мен қолжетімділігін арттыру» бірлескен жобасын іске асырудың және БҰҰДБ-мен Отбасының цифрлық картасы мен ҚР Әлеуметтік кодексінің жобаларын әзірлеу бойынша белсенді ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті.

«2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап Отбасының цифрлық картасы енгізілді, ол қазақстандықтардың мемлекеттік қолдау жүйесіне тең қолжетімділігін қамтамасыз етеді және әлеуметтік саясаттың орта және ұзақ мерзімді міндеттері мен бағыттарын айқындау құралы болады.

Осы жылғы 20 сәуірде Мемлекет басшысы жаңа Әлеуметтік кодекске қол қойды, оның негізгі міндеті азаматтардың өмір сүру сапасын жақсарту үшін бірыңғай құқықтық негіз құру болып табылады», – деді Тамара Дүйсенова.

Өз кезегінде, Катаржина Вавьерниа бірлесіп іске асырылып жатқан жобалардың нәтижелілігін атап өтіп, одан әрі жемісті екіжақты ынтымақтастыққа дайын екендігін білдірді.

Кездесу соңында Тамара Дүйсенова Еңбекмині, Экология министрлігі және БҰҰДБ арасындағы Мүгедектігі бар адамдардың қажеттіліктерін ескере отырып, ұлттық парктердің туристік қызметін дамытудағы инклюзивті тәсілдерді ілгерілету жөніндегі ынтымақтастық ниеттері туралы үшжақты мәлімдемеге қол қойды. Оны іске асыру Қазақстанның ұлттық саябақтарына барған кезде ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін қолжетімділікті кеңейтеді.

  • 28.04.2023
  • 183
Жақыпова С. Қ.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

Жақыпова С. Қ.
(Мұрағат)

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика