• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Шаққалиев А.А.
Шаққалиев А.А.

ҚР Сауда және интеграция министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Ішкі сауда, таңбалау және «сұр сертификаттар» - сауданың негізгі мәселелері ҚР СИМ сауда және интеграция мәселелері жөніндегі Қоғамдық кеңесте талқыланды

24 сәуірде Руслан Шаекиннің төрағалығымен ҚР Сауда және интеграция министрлігі жанындағы сауда және интеграция мәселелері жөніндегі Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті.

Отырыс барысында ішкі сауда ережелеріне сауда желілері мен базарлардың сауда алаңдарын отандық тауарларға (азық-түлік тауарлары үшін - кемінде 50%, азық-түлік емес тауарлар үшін-кемінде 10%) жүктеу қажеттілігін енгізу бойынша өзгерістер енгізу мәселесі талқыланды. Бір жағында – отандық тауар өндірушілерді қолдау, екінші жағында – Қазақстан аумағына дайын өнімді жеткізетін ірі компанияларды қолдау болып табылатын барлық оң және теріс жақтарын саралап, сөрелерде қазақстандық өнімдермен қамтудың қосымша пайызын енгізбеу туралы шешім қабылданды.

«Жергілікті қамту үлесін ұлғайту туралы шешімді оның сапасын, бәсекеге қабілеттілігін және басқа да нарықтық артықшылықтарын ескере отырып, сауда желілері ерікті түрде қабылдайтын болады», – деп түйіндеді сөзін Арман Шаққалиев. – Әрине, мұндай бастамаларды мемлекет қолдауы керек.

Сондай-ақ, отырыс барысында Қазақстан астық өңдеушілер одағының президенті Әлихан Талғатбек фитосанитария, ветеринария органдары, «KazakhExport «Экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ, Сыртқы істер министрлігі өкілдерінің қатысуымен өңделген өнім экспортын дамыту бойынша бірыңғай терезе құруды ұсынды. Вице-министр бұл ұсынысты қолдап, бірыңғай терезе құрудың өзектілігіне тоқталды. Сонымен қатар, Арман Шакқалиев Сауда саясатын дамыту тұжырымдамасының жобасы туралы айтып берді, онда мемлекеттік органдармен, квазимемлекеттік сектормен, қауымдастықтармен және т. б. құрылымдармен жұмыс жүргізу үдерісі көрініс табатын болады.

Күн тәртібінде тауарларды таңбалау және қадағалау мәселесі тыңдалды, онда «Bastama» институтының президенті Темірлан Жақыпбеков сөз сөйледі. Талқылау барысында Темірлан Жақыпбеков тауарларға, оның ішінде көтерме және бөлшек саудада сатып алынатын тауарларға таңбалау қажеттілігін қарастыру мәселесін айтты, сондай-ақ бәсекелестік ортаны құру үшін таңбалау операторын таңдау мүмкіндігі мәселесі көтерілді. Айта кету керек, Қазақтелеком бүгінгі таңда таңбалаудың жалғыз бірыңғай операторы болып табылады.

«Таңбалау өнімді бақылау құралы ретінде қарастырылады. Бақылау мүмкіндігі тауарлардың қауіпсіздігі, шығу тегі, сапасының көптеген мәселелерін шешеді», – деді Арман Шакқалиев - Сауда министрлігі үйлестіруші мемлекеттік орган ретінде, таңбалау операторымен бірлесіп талқылауды ескере отырып, бұл жүйені қалай жетілдіру керектігі туралы пайым дайындайды.

Сондай-ақ, отырыста «сұр сертификаттар» мәселесін шешуге бағытталған бақылау шаралары туралы мәселе қаралды. Мәселен, ҚР СИМ Техникалық реттеу және метрология комитеті Техникалық реттеу және метрология жүйесіне қатысушылардың қазақстандық қауымдастығымен бірлесіп, міндетті рәсімдерді бұза отырып берілген сәйкестікті растау туралы құжаттардың айналымына қарсы күрес жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеп, Кеңестің қарауына ұсынды.

«Жоспар кезең-кезеңімен жұмысты, оның ішінде бұрыннан бар сертификаттармен күресуді, аккредиттеу органдарының, бақылау органдарының өзара іс-қимылын қарастырады, ЕЭК арнайы рәсімі бар, оған сәйкес елдер мұндай құжаттардың күшін жояды», – деді Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы Қуаныш Елікбаев – бұдан бөлек, жоспарда Қырғызстанда цифрландыруды енгізу, яғни оларға біздің цифрлық шешімдерімізді ұсыну және оларға отандық заңнамаға өзгерістер енгізу сияқты жүйелі шаралар бар.

Отырыс соңында 2030 жылға дейінгі Сауда саясатын дамыту тұжырымдамасының жобасын талқылау басталды, оны талқылау а.ж. мамыр айының екінші онкүндігінде өтетін Кеңестің келесі отырысында жалғасатын болады.

  • 28.04.2023
  • 154
Шаққалиев А.А.

ҚР Сауда және интеграция министрі

Шаққалиев А.А.
(Мұрағат)

ҚР Сауда және интеграция министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика