• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Әбілқасымова М.Е.
Әбілқасымова М.Е.

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Азаматтарды қабылдауға қатысты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында қойған «халық үніне құлақ асатын мемлекетті» қалыптастыру жөніндегі міндеттер шеңберінде, сондай-ақ ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі қызметі шеңберінде азаматтарды кезекті қабылдау өткізілді.

Қабылдау барысында азаматтардың Ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру бағдарламасына (бұдан әрі – Бағдарлама) қатысуына, кепіл мүлкінің бір бөлігін босатуға, сондай-ақ халықтың әлеуметтік осал топтарының (бұдан әрі – ХӘОТ) өкілдері үшін қарыздарды қайта құрылымдауға қатысты мәселелер қаралды.

Бірде-бір өтініш назардан тыс қалмайтынын, азаматтар айтқан барлық мәселелер заңнама нормалары сақтала отырып орындалатынын атап өтемін.

2023 жылдың 1 тоқсанында Агенттікке азаматтардан 17,2 мың өтініш келіп түсті, барлық өтініштің 52%-ы банк секторына тиесілі. Микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар қызметінің мәселелері бойынша өтініштер 32%-ды құрайды, қаралған өтініштердің жалпы санының 16%-ы өзге ұйымдарға тиесілі.

Агенттік азаматтардың банктік қарыздары мен микрокредиттері бойынша мерзімі өткен берешекті реттеудің бірыңғай тәртібінің іске асырылуына мониторингті тұрақты негізде жүзеге асырады. 2023 жылдың басынан бері қарыздар бойынша берешекті қайта құрылымдау үшін банктерге 74 мың қарыз алушы жүгінді. Қаралған өтініштердің ішінен
47,3 мың қарыз алушыға немесе 63,9%-ына жасалған банктік қарыз шарттарының талаптарына өзгерістер мақұлданды. Микроқаржы ұйымдарына 19,6 мың қарыз алушы микрокредит бойынша берешекті қайта құрылымдау туралы өтінішпен жүгінді, оның ішінде 15 мың қарыз алушының (өтініш бергендер санының 76,5%-ы) өтініштері қанағаттандырылды.

Халықпен жедел өзара іс-қимыл жасау үшін Агенттікте call-орталық жұмыс істейді. 2022 жылы call-орталыққа азаматтардың 19,4 мыңға жуық, 2023 жылдың басынан бастап 5,3 мың қоңырауы келіп түсті.

Халықтың әлеуметтік осал топтарын (ХӘОТ) қорғауға қатысты мәселелер Агенттіктің ерекше бақылауында. Бағдарламаны іске асырудың барлық кезеңінде 326,1 млрд теңге сомаға 45,7 мың қарыз алушының қарыздары қайта қаржыландырылды. 2022 жылы Бағдарламаға енгізілген өзгерістерді ескере отырып, бүгінгі күні 10,3 мың ХӘОТ санатына жататын қарыз алушы 68,2 млрд теңге сомаға қолдау шараларын алды. 2023 жылғы                   1 шілдеге дейін қосымша 500-ге жуық қарыз алушыны қамту жоспарланып отыр.

Бағдарлама шеңберінде қабылданған шаралардың және жеңілдетілген мемлекеттік ипотекалық кредит беру бағдарламасын дамытудың арқасында банктердің ипотекалық портфелінде 90 күннен астам төлем мерзімі өткен жеке тұлғалардың проблемалық қарыздарының үлесі 2015 жылғы 30%-дан 2023 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша 0,8%-ға дейін төмендеді.

Агенттік өкілдерінің қатысуымен апта сайын Қарыз алушылардың шағымдарын қарау жөніндегі комиссияның (бұдан әрі – Комиссия) отырыстары өткізіледі. 2022 жылы Комиссияның 69 отырысы өткізілді, оның нәтижелері бойынша Бағдарламаның 1 және 2-бөлімі бойынша қарыздарды қайта қаржыландыру туралы 298 шешім және Бағдарламаның 2-1-бөлімі бойынша қосымша көмек көрсету туралы 536 ұсыным шығарылды.

Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау Агенттіктің аса маңызды міндеттерінің бірі болып табылады, азаматтарды қабылдау жүйелі негізде жүргізіледі.

  • 04.05.2023
  • 195
Әбілқасымова М.Е.

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы

Әбілқасымова М.Е.
(Мұрағат)

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика